Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

№3 Отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі – Мелис Шахзада Мадиұлы.


№3 Отбасылық денсаулық орталығының  құрылымы:

ШЖҚ   «№6 Қалалық емхана»  КМК  № 3 Отбасылық денсаулық орталығы -    құрамында  12  учаске,  әр учаскіде   1700  тұрғын бар,  барлығы тіркелгені   - 20400  тұрғын.  Бөлімше  емхананың 2-қабаттында  орналасқан, бекітілген халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді, халық арасында профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыруды және өткізуді, дені сау тұрғындарды динамикалық медициналық бақылауды қамтамасыз етеді. Орталықта 10  жалпы тәжірибелі дәрігер, бір аға мейіргер,  жалпы тәжірибелі дәрігердің 18 мейіргерлері  қызмет атқарады.

 Учаскелік дәрігердің мақсаттары:

  • барлық жастағы науқастану және  өлім-жітімді төмендетуге қол жеткізу;
  • баланың физикалық, психикалық, жыныстық және иммунологиялық дамуы үшін оңтайлы жағдайлар жасауға бағытталған іс-шараларды жүргізу;
  • спецификалық және спецификалық емес профилактиканы жүзеге асыру.

Бөлімшенің атқаратын  негізгі функциялары болып саналады: 

  • Бекітілген халыққа емханада және үйде дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсету;
  • Диспансерлік бақылау (анықтау, есепке алу, динамикалық бақылау, емдеу-сауықтыру іс-шаралары);
  • Халықты негізгі инфекциялық ауруларға қарсы иммундау;
  • Алдын алу іс-шаралары және қауіп факторларын анықтау; ауруларды ерте анықтауға скринингтік зерттеулер;
  • Кепілдендірілген медициналық көмек көлемі шеңберінде халықты тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету;
  • Салауатты өмір салты мәселелері бойынша халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, зиянды әдеттермен күресу;
  • Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын өткізу;
  • Санаториялық-курорттық емделуге ресімдеу;
  • Қалалық клиникаларға емдеуге жатқызуға, стационарлық емделуге жолдама ресімдеу;
  • Өмірінің бірінші жылындағы балаларды бақылауға алуға.
We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree