Біз Сіздерді ШЖҚ «№6 Қалалық емхана» КМК ресми Интернет-ресурсының беттерінде көріп, қарсы алуға қуаныштымыз.
Біздің сайтымыздың көмегімен Сіздерге жақынырақ болуға, медициналық қызмет көрсету мәселелерінде өзара түсіністік табуға және кері байланыс орнатуға үміттенеміз.

Сіздің кез келген өтінішіңіз назардан тыс қалмайды, ұсыныстарыңыз, ескертулеріңіз назарға алынады және бізге медициналық көмекті ұйымдастыруды жетілдіруге көмектеседі. Біз сіздермен бірге медициналық қызмет көрсету деңгейін көтеріп, халқымыздың денсаулығын нығайта аламыз. Біз медициналық көмектің әркімге қолжетімді әрі сапалы болуына әрдайым ұмтыламыз.
Біздің сайтымызда Сіз өзіңізді қызықтыратын кез келген ақпаратты таба аласыз, денсаулық сақтауға қатысты сұрақтар қоя аласыз, денсаулық сақтаудың соңғы жаңалықтары және алдағы іс-шаралардың анонстарын біле аласыз.
ШЖҚ «№6 Қалалық емханасы» КМК Директоры
Қамбарова Гүлшахира Әжімұханқызы 1994 жылы - Алматы мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірді, 2014 жылы - С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «Менеджмент бакалавры» мамандығы бойынша бітірді, 2018 жылы «ҚДЖМ» Қазақстан медицина университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша бітіріп, «денсаулық сақтау магистрі» дәрежесін алды. Жалпы еңбек стажы: 29 жыл. Еңбек жолын 1995 жылы Алматы қаласының «Таугүл» дәрігерлік амбулаториясының учаскелік терапевті болып бастады. 1996 жылдан 1997 жылға дейін «№ 15 Қалалық емханада» учаскелік терапевт болып жұмыс істеді. 1997 жылдан 1998 жылға дейін Орталық қалалық клиникалық аурухана емханасының терапевтік бөлімінің меңгерушісі, 1998 жылдан 2001 жылға дейін «№ 6 Қалалық емхана» бас дәрігерінің орынбасары, 2001 жылдан 2005 жылға дейін «№ 5 Қалалық клиникалық аурухана» емханасының бас дәрігерінің орынбасары, 2005 жылдан 2009 жылға дейін «№ 5 Қалалық емхана» бас дәрігерінің орынбасары, 2009 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қазан айына дейін Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының «№ 5 Қалалық емхана» Бас дәрігері болып жұмыс атқарды.
Қамбарова Гүлшахира Әжімұханқызы көрсетілетін алғашқы медициналық-санитарлық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, олардың мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін арттыруға бағытталған қызметкерлердің жұмыс істеуінің жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді қамтамасыз ету бойынша үнемі жұмыс атқарады. "Салауатты ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" Ұлттық жобасының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге талдау жүргізеді. Халық денсаулығының жай-күйін, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, практикалық қызметте қолдану үшін отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді бойынша үлкен жұмыс атқарады.
2012 жылдан 2016 жылға дейін Алматы қаласының Алмалы ауданының бас дәрігері болды. Аудан әкімдігінің ведомствоаралық отырыстарында стратегиялық сипаттағы жауапты, тиімді шешімдерді қабылдауға белсенді қатысты. 2016 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша штаттан тыс бас маман бола отырып, амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін барлық медициналық ұйымдардың қызметін үйлестірді, қаланың бастапқы денсаулық сақтау буыны қызметінің стратегиялық бағыттарының орындалуын бақылады, Ауруларды басқару Бағдарламасының, скринингтік профилактикалық тексерулердің жинауды және талдауды жүзеге асырды.
2013 жылы Г.А. Камбарова Алматы қаласы бойынша алғаш рет мейіргерге дәрігердің кейбір өкілеттіктерін беруді енгізді, бұл жалпы практика дәрігері және терапевтің қабылдауын 40%-ға жеңілдетуге мүмкіндік берді. 2016 жылы оның басшылығымен созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқарудың үш нозологиялық түрі бойынша: артериялық гипертензия, қант диабеті, созылмалы жүрек жетіспеушілігі бойынша Бағдарлама енгізілді. Ауруларды басқару бағдарламасын енгізу бойынша өңірлік үйлестіруші анықталды, емханада оны енгізу бойынша мультидисциплинарлық топ құрылды.
2019 жылдан 2021 жылға дейін ЖҚИ пандемиясы кезінде бас дәрігер Г.А. Камбарованың басшылығымен пациенттерді уақтылы анықтау және бақылау мақсатында іс-шаралар өткізілді: бір мезгілде үш дәрігердің қабылдауымен жылжымалы кесте бойынша сүзгілер ұйымдастырылған (ересектер мен балалар үшін, жүкті әйелдер үшін жеке): жалпы практика, дәрігер-педиатр, дәрігер-гинеколог, пациенттерді сұрыптау және халық ағынының ажырату жүргізілді, жалпы практика дәрігерлерін, гинекологтарды, педиатрларды, тар шеңберлі мамандарды қашықтықтан қабылдау ұйымдастырылды, диспансерлік есепте тұрған пациенттер мен қатер тобындағы адамдарды бақылау үшін, 65 және одан жоғары жастағы, мобильді бригадалар ұйымдастырылды. Пандемия кезеңінде қала бойынша бірінші болып ЖҚИ бар пациенттердің жағдайына мониторинг жүргізу үшін Ахуалдық орталық ұйымдастырылды, бұл емдеуді түзету, уақытылы ауруханаға жатқызу үшін пациенттердің жағдайына уақытылы бағалау жүргізуге үлкен мүмкіндік берді. Қалада алғашқылардың бірі болып коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау пункт орындарын ұйымдастырды.
2022 жылдан бастап Гүлшахира Әжімұханқызы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының АМСК кеңесінің төрағасы болды. Ірі кәсіпорындардың қызметкерлерін вакциналау үшін мобильді егу бригадаларын құрды, сонымен қатар халыққа арналған ірі сауда орталықтарында жылжымалы вакцинациялау пункттерін ұйымдастырды. 2022 жылдан бастап Гүлшахира Әжімұханқызы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының АМСК кеңесінің төрағасы болды.
2022 жылы медицина қызметкерлерінің практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында базалық өкпе-жүрек реанимациясы үшін Симуляциалық орталық ұйымдастырды. Сайлау науқаны кезінде Президенттікке кандидаттың сенімді тұлғасы ретінде үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізді. Қазақстан Республикасы Президентінің, ҚР Парламенті Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарының сайлауы бойынша аудандық Штабтың мүшесі болды. Сайлау науқанына белсенді қатысқаны үшін бірнеше рет грамоталармен және «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Г.А. Қамбарованың басшылығымен жаңа жобаларды іске асыру және енгізу, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен халықтың қанағаттануын арттыру мақсатында медициналық қызметкерлердің жұмысын жетілдіру бойынша әрдайым жұмыс жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталған: «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен марапатталған (2007 ж.), «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» (2016ж.), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды (2011 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021 ж.), «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен (2022 ж.), ҚР Президентінің Алғыс хаттарымен (2012 ж.), ҚР Денсаулық сақтау министрінің (2013 ж.), «Алматы қ. АМСК үздік ұйымы» дипломымен (2014 ж.), «Сала көшбасшысы» ұлттық сертификатының (2014 ж.), сондай-ақ Денсаулық сақтау қауымдастығының «Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік ұйымы» (2014 ж.) арнайы сыйлығының иегері.
Бүгін ең ізгі тілектер, ең алғыс сөздер, ең әдемі комплименттер Сіздерге, қымбатты медицина қызметкерлері! Мейірімді періштелерді қажырлы еңбектері үшін, түні мен күннің кез келген уақытында науқастың көмегіне келгені үшін шын жүректен алғыс айтқым келеді.
Сіз адамдарға сауығып кетуілереніне үлкен үміт бересіз! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн сіздерге керемет әсерлер әкелсін. Барлық армандарыңыз орындалсын. Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт аспан, бұлтсыз бақыт және барлық жақсылықты тілеймін. Сіздерге ұзақ өмір, тамаша көңіл-күй, өзінізге деген сенімділік, сәттілік және отбасылық жылулық, бұлтсыз бақыт, қуаныш, барлық игілік пен отбасылық амандық тілеймін.
Жұмысыңыз шабыт әкелсін, мансап сізді жоғары қарқынды көтерсін. Өзіңізге әрдайым сенімді болыңыз, ешқашан рухыңызды үзбеңіз және қалыптасқан жағдайдан шығудың жолын оңай табыңыз!