![]() |
![]() |
Педиатрия бөлімшесінің құрылымы және жұмысын ұйымдастыру: ШЖҚ «№ 6 Қалалық емхана» КМК құрамында 9 педиатриялық учаске бар, әр учаскеде 500 бала бар, 6 жасқа дейінгі барлығы 4500 бала тіркелген. Педиатрия бөлімі емхананың екінші қабаттың оң жақ қанатында орналасқан, бекітілген балаларға алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді, балалар арасында профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыруды және өткізуді, дені сау балаларды динамикалық медициналық бақылауды қамтамасыз етеді. Учаскелік дәрігер-педиатрдың мақсаттары: барлық жастағы балалардың сырқаттанушылығы және өлім-жітімін төмендетуге қол жеткізуге; баланың физикалық, психикалық, жыныстық және иммунологиялық дамуы үшін оптималдық жағдайлар жасауға бағытталған ic-шараларды жүргізуге; озінің бір ерекшелігі бар және ерекшелігі жоқ емдеу профилактиканы жүзеге асыруға міндетті. Учаскелік дәрігер-педиатрдың мақсаттары:
- жүкті әйелдерді, әсіресе қауіп тобындағыларды, бақылау үшін емхананың әйелдер кеңесі бөлімінің дәрігерлерімен әрдайым байланыста болып және жұмыстың үздіксіздігін қамтамасыз етуге;
- перзентханадан шығарылғаннан кейінгі алғашқы 3 күнде жаңа туған нәрестелерге бару;
- емханада дені сау балаларды қабылдау, олардың физикалық және психикалық дамуын бағалау, рационалды тамақтануды тағайындау, рахиттің, гипотрофияның, семіздіктің, анемияның спецификалық және спецификалық емес профилактикасы бойынша ұсынымдарды беру;
- үйлерінде және емханада балалардың профилактикалық бақылауын ұйымдастыру;
- егу жұмысының жоспарын жасау және оның орындалуын бақылау, есепке алынған балаларды оңалтудың басқа мамандарымен бірге жүзеге асыру;
- мектепке дейінгі балалар мекемелеріне және мектепке түсер алдында балаларды тексеруді және сауықтыруды ұйымдастыру;
- сырқаттанған жағдайда балалардың ата-аналарының шақыруы бойынша үйлеріне бару, дәрілік және физиотерапиялық көмек, ЕДШ көрсету, қажет болған жағдайда науқасты сауыққанға, ауруханаға жатқызылғанға немесе емханаға баруға рұқсат бергенге дейін оны үйінде белсенді бақылау;
- балаларды стационарға емделуге жіберу, қажет болған жағдайда науқасты ауруханаға шұғыл емдеуге жатқызу үшін барлық шараларды қабылдау;
- қандай да бір себептермен науқас бала ауруханаға жатқызылмаған жағдайда емхана басшылығын хабардар ету;
- инфекциялық аурудың анықталғаны немесе оған күдіктенгені туралы уақтылы және белгіленген тәртіппен хабардар ету, инфекциялық аурулардың кешенді профилактикасы.
- Тыныштықбекова Салтанат Қайратқызы.
- Сайфулмаликова Загипа Сабытхановна – дәрігер-педиатр
- Қалмуратов Абай Шадиярұлы – дәрігер-педиатр
- Сагинтаева Айнаш Жакиповна – дәрігер-педиатр
- Ботаева Ақерке Ақылбековна – дәрігер-педиатр
- Үйсінбай Қалида Лесбекқызы - дәрігер-педиатр
- Садуова Саламат Тукеновна- дәрігер-педиатр
- Жеңіс Динара Берікқызы
- Бектурова Гульнар Калдыбаевна – педиатрия мейіргері
- Булегенова Айгуль- педиатрия мейіргері
- Қаржау Айтгул - педиатрия мейіргері
- Джидебаева Гульсим- педиатрия мейіргері
- Жидебай Асем- педиатрия мейіргері
- Жақсылық Аяжан- педиатрия мейіргері
- Касымбекова Мейрамкуль- педиатрия мейіргері
- Тулебиева Асел- педиатрия мейіргері
- Илясова Перизат- педиатрия мейіргері
