Әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі
Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлім меңгерушісі – Рахманова Юлдуз Бабаджановна.
Еңбек стажы – 7 жыл. +7 777 457 04 54
Ереже:
ШЖҚ «№6 Қалалық емхана» КМК профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі отбасы денсаулығы Орталығының құрамына кіреді және халыққа ТМККК шеңберінде бекітілген профилактикалық қызметтер, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 13.10.2023 жылғы № 153 бұйрығын «Денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» орындау шеңберінде әлеуметтік және психологиялық қызметтер көрсетеді. Бөлімнің жұмысы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 37 жылғы № 27.04.2022 бұйрығына «Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы» сәйкес ұйымдастырылады.
• Бөлім меңгерушісі
• Дәрігерге дейінгі кабинет
• Салауатты өмір салты (СӨС) кабинеті
• Әлеуметтік қызметкердің кабинеті
• Психологтың кабинеті
• Ерлерді қарап тексеру кабинеті
• Әйелдерді қарап тексеру кабинеті
• Отбасыны жоспарлау кабинеті
• Дені сау бала кабинеті
• Денсаулық мектебі


Кабинеттің қызметі - науқастарды және қауіп факторлары бар адамдарды ерте анықтау мақсатында скринингтік жастағы халықты медициналық, профилактикалық тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған. Дәрігерге дейінгі кабинеттің мейіргері – Иманбаева Сауле Аликкызы (Еңбек стажы – 3 жыл.) Бөлімнің аға мейіргері – Ауельбекова Ахслу Хайниповна (Мейіргер ісі бойынша жоғары біліктілік санаты бар. Еңбек стажы – 15 жыл.)
Қарап тексеру кабинеті
Кабинеттің негізгі қызметтері - аурудың жасы мен сипатына қарамастан, созылмалы, ісік алды аурулары мен қатерлі ісіктерді ерте анықтау мақсатында ерлер мен әйелдерді міндетті профилактикалық тексеріп-қарауға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу негізі болып табылады. Ерлерді қарап тексеру кабинетітің мейіргері - Якубов Дархан Нурулланович. Еңбек стажы – 6 жыл. Әйелдерді қарап тексеру кабинеттің акушеркасы – Карабалина Актолкын Кадыргалиевна. Акушерлік іс бойынша жоғары квалификациялық категориясы бар. Еңбек стажы - 35 жыл.
Отбасыны жоспарлау кабинеті
Кабинеттің негізі қызметтері - репродуктивті денсаулыққа жауапкершілікті қалыптастыруға, балаларды, жасөспірімдер мен жастарды отбасылық өмірге дайындауға, адамгершілік тәрбиеге, жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу мәселелері бойынша кеңес беруге, санитариялық-гигиеналық тәрбиенің бірыңғай жүйесінде қоғамда сексуалдық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Отбасыны жоспарлау кабинеттің жауапты акушеркасы – Сейлбекова Айдана Жомартбековна. Еңбек стажы – 6 жыл.
Дені сау баланың кабинеті
Кабинет негізі қызметтері - балаларды санитарлық-гигиеналық тәрбиелеуге және салауатты өмір салтын қалыптастыруға, балалар мен емізетін аналардың дұрыс тамақтануына бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу болып табылады. Дені сау кабинеттің мейіргері – Әсіпбай Айдана Асанғалиқызы. Еңбек стажы – 6 жыл.
Кабинеттің негiзi қызметi - халықтың санитарлық-гигиеналық тәрбиесiне және салауатты өмiр салтын қалыптастыруға бағытталған iс-шаралар кешенiн ұйымдастыру және өткiзу болып табылады.
Әлеуметтік қызметкердің кабинеті
Кабинеттің негізгі қызметі - әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету жоспары бар пациенттерді әлеуметтік қолдау мәселелерін шешуге бағытталған.
Бөлімнің әлеуметтік қызметкерлері:
- - Утегенов Улан Кызыргожаулы – әлеуметтік қызметкер. Еңбек стажы – 2 жыл.
- Илалова Айгерим Абдреймовна - әлеуметтік қызметкер. Еңбек стажы – 17 жыл.
- Жыланбаева Гульнара Калихановна - әлеуметтік қызметкер. Еңбек стажы – 10 жыл.
- Ермекбаева Акбота Бауржановна - әлеуметтік қызметкер. Еңбек стажы – 2 м жыл.
- Кушеген Гульнар - әлеуметтік қызметкер. Еңбек стажы – 5 жыл.
- Керимбаева Фариза Советхановна - әлеуметтік қызметкер. Еңбек стажы – 6 жыл.
Психологтың кабинеті
Кабинеттің негізгі қызметі - пациенттерді психологиялық диагностикалау, психопрофилактика және деонтология, психологиялық түзету міндеттерін шешуге бағытталған.
Психологтар:
- Базанова Ирина Григорьевна – психолог. Еңбек стажы -37 жыл.
- Керимбаева Каламкас Мадибековна - психолог. Еңбек стажы – 14 жыл.
- Тастемирова Гульвира Нуржановна - психолог. Еңбек стажы – 1 жыл.
- Нүсипова Айдана Шәмшиденқызы- психолог. Еңбек стажы – 12 жыл.
- Капезова Мөлдір Қайратқызы - психолог. Еңбек стажы – 5 жыл.
- Шакиржановна Салима Айткурмановна - психолог. Еңбек стажы – 13 жыл.