«Adal komek»
«Adal komek» жобасы аясында Әуезов ауданы әкімі аппаратында аудан тұрғындарына вакцина егу және короновирустық инфекциядан сақтану жолдары тақырыбында «Zoom» бағдарламасымен түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Онлайн түсіндірме жұмысын №6 қалалық емхананың иммунологы Баян Иманбердиева жүргізді.
Дәрігермен байланысқа көпбалалы аналар, зейнеткерлер және аудан тұрғындары қосылып, қажетті кеңестерін алды.