Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидаттары бойынша отырыс

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының ШЖҚ « №6 Қалалық емханасы» КМК сыбайлас жеқорлыққа қарсы іс-шаралардың негізгі қағидаттары бойынша жиын өтті. ШЖҚ «№6 Қалалық емханасы» КМК Бас дәрігері – Ускенбаева А.С. төралығы бойынша және Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімінің кеңесшісі, Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша «Адалдық алаңы» алаңының басшысы – Төлебеков А.А.

Айдар Төлебеков өз сөзінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидаларын: қойылған мақсаттар, міндеттер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды атап өтті. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңымен таныстырып, «Адалдық алаңы» жобасы аясындағы міндеттер және атқарылып жатқан іс-шараларды да атап өтті.

Бас дәрігер Ускенбаева А.С. ағартушылық, ақпараттық- ұйымдастырушылық сипаттағы шаралардың жүзеге асырылуын және тұлғаның сыбайлас жемқорлықты қабылдамауының белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруды атап өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсеттетін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптарстыруға.

We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree