Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Бақылау кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізіледі.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық Басқармасының ШЖҚ "№6 Қалалық емхана" КМК әкімшілігі хабарлайды: 05.05.2022 ж. бастап 05.06.2022 ж. дейін ШЖҚ "№6 Қалалық емхана" КМК Бақылау кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізіледі.

Тізім, құжаттар тізімі қоса берілген. Қосымша ақпаратты 276-08-77 телефоны арқылы алуға болады.


Байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша Конкурс (тізбе) [файлды жүктеу]

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық Басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№6 Қалалық емхана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны

Индекс: 050062 Алматы қаласы , Әуезов ауданы, 4 шағын ауданы, 3а үй.

КМБ «Алматы қаласының қоғамдық денсаулық Басқармасы» (әрі қарай Басқарма) 2022 жылы 1 мамыр айында басқарманың шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында Байқау кеңесінің мүшелігіне кандидаттарды іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды, байланыс телефон:

№п/п

Медициналық мекеменің атауы

Заңды мекен-жайы/ тұрақты мекен-жайы

1

Алматы қаласы ШЖҚ «№6 Қалалық емхана» КМК

050062, Алматы қ, Әуезов ауданы, 4 шағын ауданы, 3а үй.

Пайдаланған аббревиатуралар:

  • ШЖҚ КМК - Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын;
  • Алматы қ. ҚДБ - Алматы қаласы қоғамдық денсаулық Басқармасы;
  • Ұйымның негізгі қызметінің түрі: медициналық.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы Байқау кеңесіне сайланатын кандидатураларға қойылатын талаптарға жоғары білімінің болуы және келесі талаптардың бірінің болуын қамтиды:

  • Денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның және (немесе) бизнестің және (немесе) құқықтың бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Денсаулық сақтау саласында немесе ұйымның бейіні және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) құқық бойынша басшы лауазымда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқықтар саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелік.

Байқау кеңесінің мүшесі ретінде болып сайланбайды:

  • Жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар тұлғалар;
  • Заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам заңды тұлғаның басшысы болып табылатын тұлға;
  • Бұрын сыбайлас - жемқорлық құқық бұзушылық жасағандар;
  • Байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамдар қатыса алмайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар үшін конкурсқа қатысу туралы

өтініштерді беру мерзімі, конкурс өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап, күнтізбелік отыз күн өткен соң аяқталады.

Конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізімі:

  • Конкурсқа қатысу туралы еркін нысанда жазылған өтініш;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған түйіндеме;
  • Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • Кандидаттың жеке құжаттының көшірмесі;
  • Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың, ғылыми жарияланымдардың көшірмелерін, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) тапсыра алады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдаудың басталу күні, конкурс өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап: ҚР, Алматы қ, : 050062 Алматы қаласы , Әуезов ауданы, 4 шағын ауданы, 3а үй. Телефон 276-08-77

We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree