Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Аптап ыстық мезгілінде өзінді қалай ұстауың керек?

Ауаның ыстық мезгілінде қауіп-қатерге тап болатындар:

  • қарт адамдар;
  • жаңа туған нәрестелер мен кішкентай балалар;
  • мүмкіндіктері шектеулі және белгілі бір психикалық бұзылулар бар науқастар;
  • белгілі бір дәрілік заттарды қабылдайтын науқастар;
  • таза ауада жұмыс істейтін немесе ашық ауада жаттығу жасайтындар ;
  • үйсіз және кедей адамдар.
  • Өзіңізді жылу соққысынан қалай қорғауыңызға болады:

    • Шөлдегенше күтпестен бұрын, көп сұйықтық, нәрсу ішіңіз.
    • Бос уақытыңызды кондиционермен жабдықталған бөлмеде өткізіңіз: сауда орталығында, қоғамдық орталықтарда немесе кітапханада.
    • Жеңіл матадан тігілген бос киімдерді киіңіз, ал күнге шыққан кезде - басыңызға міндетті түрде баскиім киіп жүруіңіз керек.
    • Тікелей күн сәулесінен аулақ болыңыз, көлеңкеде немесе қолшатыр астына жасырыңыз.
    • Таза ауада болыңыз және күннің салқын сағаттарында ғана спортпен айналысыңыз.
    • Салқын суға шомылыңыз немесе дымқыл сүлгімен денеңізді сүртіңіз.
    • Күннің сәулелері бөлмеге кірмеу үшін терезелердегі перделерді мықтап жабыңыз.
    • Кондиционеріңіз болмаса, ыстық табаға тамақты дайындамаңыз.
    • Таза ауаны бөлмеге кіргізу үшін желдеткішті терезенің жанына қойыңыз.
    • Үй жануарларын және қарт адамдарды тұрақталған автокөліктердің ішінде күннің астында қалдырмаңыз.
    • Егер жылу соққысын алу себебін жоғарлататын дәрі-дәрмектерді қабылдайтын болсаңыз, дәрігермен немесе фармацевтпен ақылдасыңыз.
    • Жылу соққысын алудың қауіпі жоғары деңгейдегі достарыңызбен, отбасыңызбен жиі хабарласып тұрыңыз, әсіресе қарт адамдардың жағдайын жиі біліп тұрыңыз. Оларға жеткілікті сұйықтық ішіп, қызып кетпеуін ескертіңіз.

    Жылу соққысының белгілеріне назар аударыңыз:

    • бас айналу немесе талып қалу;
    • жүрек айнуы немесе құсу;
    • бас ауыруы;
    • тез тыныс алу және жүрек соғысының жиілдетуі;
    • қатты шөлдеу.

    Осындай белгілер бар болса, салқын жерге барып демалып және көп су ішу керек. Егер осы белгілер тоқтамаса, дереу дәрігерге қаралыңыз.

    We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree