Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Өзіңізді жылу соққысынан қалай қорғау ыңызға болады (қарт адамдар үшін)

Ауа-райының аномалдық ыстығы барлық адамдардың денсаулығына айтарлықтай әсер етеді, бірақ ол қарт адамдар үшін аса қауіпті болып табылады.

Өзіңізді жылу соққысынан қалай қорғау ыңызға болады (қарт адамдар үшін)

Ауа-райының аномалдық ыстығы барлық адамдардың денсаулығына айтарлықтай әсер етеді, бірақ ол қарт адамдар үшін аса қауіпті болып табылады.

Жас келе жылу әсеріне қарсы адам ағзасының төзімділігі төмендейді: шөлдеу сезімі кешірек басталады, терлеу реакциясы нашарлайды, тер бездерінің саны қысқарады. Сонымен қатар, қарт адамдар бірнеше дәрі қабылдауға мәжбүр және созылмалы аурулардан (жүрек-қан тамырлары, зәр шығару жүйесі, тыныс алу, зат алмасу бұзылыстары) зардап шегеді.

Сондықтан, аптап ыстық кезінде қарт адамдар өз денсаулығына мұқият қарап, оны қадағалауға тиіс және, қажет болған жағдайда, жақындарының, немесе әлеуметтік қызметтер мен дәрігерлердің көмегін қолдау керек.

Маңызды! Денсаулықтың жағдайын тұрақты бақылау, тиісті киім киюге, салқын бөлмелерде немесе табиғатта болу, дұрыс тамақтану және сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін тұтынуды үнемі қадағалап отыру.

Дәрігермен кеңесу керек:

1) егер Сіз жылу соққысының белгілерін сезсеңіз:

  • бас айналу немесе әлсіздік;
  • жүрек айнуы немесе құсу;
  • бас ауыруы;
  • тез тыныс алу және жүректің қатты соғылуы;
  • қатты шөлдеу.

Дәрігерді күту кезінде салқын жерді тауып, су немесе жеміс шырынын ішіңіз (тәтті немесе газдалған сусындар емес!). Денеге суық сумен компресс жасаңыз немесе киімнің үстіне қолдануға болады.

2) Егер Сіз созылмалы аурулармен (жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, бүйрек, диабет) ауырсаңыз немесе үнемі қан тамырларын кеңейтетін дәрілерді қабылдап тұрсаңыз - нитраттар мен кальций антагонистер. Егер Сіз осы дәрі-дәрмектерді үнемі қабылдап жатсаңыз, дәрігерден немесе фармацевттен кеңес алыңыз.

3) Егер Сіз ауыр бұлшық еттердің қабынуын сезіп тұрсаңыз, дереу салқын жерге барыңыз (әдетте олар өте қатты ыстыққа ұзақ дене жүктемесі нәтижесінде аяқ, қолдарда болады) сезінгенде тынығып және минералды зат алмасу қалыпқа келтіру үшін электролиті бар сусынды ішіңіз. Егер еттердің қабынуы бір сағаттан артық сақталса, Сізге медициналық көмек қажет;

4) Егер қандай да бір ерекше симптомдар сезілсе немесе аталған белгілер жойылмаса.

Егер Сіз тұрақты түрде дәрі-дәрмек қабылдасаңыз, антикоагулянтты препараттар (мысалы, Варфарин) немесе қанның коюлауына қарсы (аспирин және т.б.), олардың қабылдау уақытын мұқият сақтап түрыңыз.

We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree