Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне құрмет көрсету

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеу қарсаңында, 2018 жылдың 15 желтоқсан айында Алматы қаласының Орталық клиникалық ауруханасының конференц-залында салтанатты марапаттау іс-шарасы өткізілді. Мерекелік шарада Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» атты төс белгісімен біздің емханамыздың қызметкерін, денсаулық сақтау саласына еңбегін сіңірген маманды, балалардың денсаулығын қорғау Орталығының меңгерушісін Иманбердиева Баян Налибаевнаны марапаттады.

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№6 Қалалық поликлиникасы» МКК ұжымы құрметті Баян Налибаевнаны шын жүректен жоғары марапатпен құттықтайды!

Біз Сізге денсаулық сақтау саласындағы еңбегіңізге алғысымызды айтамыз. Сізге жұмыс бабында мансаптық өсуді, жеке әл-ауқаты және мықты денсаулықты шын жүректен тілейміз!

We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree