Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Қазақстан Республикасының Конституция күні аясында ШЖҚ «№ 6 қалалық емхана» ҚМҚ Ашық есік күнін өткізді.

Administrator-GP6 29 Август 2023

Қазақстан Республикасының Конституция күні аясында ШЖҚ «№ 6 қалалық емхана» ҚМҚ Ашық есік күнін өткізді. Науқастар үшін жалпы практика дәрігерімен басқа да мамандардың қабылдауы ұйымдастырылды, сондай-ақ пациенттер қандағы қант пен холестериннің бар-жоғын тексерді. Науқастарға емханада денсаулық мектебі өткізілді онда салауатты өмір салты бойынша ұсыныстар берілді.

Құрметті науқастар!

Administrator-GP6 28 Август 2023
Құрметті науқастар!

29 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған Ашық есік күні өткізіледі ШЖҚ «№ 6 қалалық емхана» ҚМҚ -да жалпы практика дәрігерлері мен психологтар кеңес береді. Қант пен холестеринді анықтау үшін қан тапсыра аласыз.

Қабылдау 107 кабинетте өтеді сағ. 9:00 -12:00 деін.

1995 жылғы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдумда Қазақстанның қолданыстағы Конституциясы қабылданды.

Конституцияның бірінші бабында Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын өзінің ең қымбат қазынасы деп жариялайды.

Қазақстан Республикасының азаматтарына нәсіліне, ұлтына, жынысына, тіліне, әлеуметтік, мүліктік және лауазымдық жағдайына, әлеуметтік шығу тегіне, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, нанымына, қоғамдық бірлестікке мүшелігіне, сондай-ақ бұрын келтірілген қылмыстық жазаға қарамастан, құқықтар мен бостандықтардың теңдігіне кепілдік беріледі. Азаматтарды қорлаудың кез-келген түріне тыйым салынады.

Қазақстан жерінде тұратын әрбір адам еліміздің Негізгі заңын құрметтеп, сақтауы тиіс. Қазақстанның әрбір тұрғыны әділдікке, заңдылыққа, теңдікке және өзінің болашағына сенімді болуға тиіс. Қоғам мен мемлекет дамуының базалық қағидаттары, адамның, азаматтың және мемлекеттік билік субъектісінің кепілдіктері, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Конституциясында нақты бекітілген. Оларды сапалы және тиімді іске асыру мемлекет пен қоғамның маңызды міндеті болып табылады, өйткені ол Қазақстан халқының дамуы мен тұрақтылығына, әл-ауқатының артуына ықпал етеді.

Құрметті қазақстандықтар, Конституция күнімен құттықтаймыз! Бейбітшілік, бірлік, бақыт, амандық және табыс тілейміз!

22 тамыз Артериялық гипертонияның алдын алу шараларын сақтау туралы халық арасында сауалнама жүргізілді

Administrator-GP6 29 Август 2023

Артериялық гипертонияның алдын алу шараларын сақтау туралы халық арасында сауалнама жүргізілді әлеуметтік ғылымдар магистрі психолог Қ.М. Керімбаева, СӨС медбике Жақатай М.Ғ., мен әлеуметтік қызметкер А.Е. Уатқанның қатысуымен.

Толығырақ...

Егде жастағы адамдарға арналған «Құрметті жас» семинар- тренингі өткізілді.

Administrator-GP6 03 Октябрь 2023
Егде жастағы адамдарға арналған «Құрметті жас» семинар- тренингі өткізілді. Дәрісті учаскелік дәрігерлер мен психолог оқыды, салауатты өмір салтын ұстану және физикалық белсенділіктің пайдасы туралы ұсыныстар берілді. Ересектердегі созылмалы аурулардың алдын алу туралы не білуіңіз керек. Өзіңізді белгілі бір аурудан қалай қорғауға болады. Аурулардың дамуындағы психологияның рөлі. Осы тақырыптар бойынша әңгімелер жүргізілді.
We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree