Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
*
Call Center:

Мен, Ускенбаева Акмарал Сагынтаевна, С.Д. Асфендияров атындағы Алматы Мемлекеттік медицина институтын «емдеу ісі» мамандығы бойынша 1994 жылы бітірдім, медицина ғылымының кандидатымын, доцент, жоғары санаттағы дәрігермін. 2009 жылы «Мирас» Университетінің экономика факультетінің «менеджмент және басқару» мамандығы бойынша оқыдым.

Еңбек жолым:

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тері және венерология ғылыми-зерттеу институтында басталды, 1994 жылдан бастап «Тері және венерологиялық аурулар» мамандығы бойынша екі жылдық клиникалық ординатураны бітірдім.
  • 1996-2000 жж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дерматовенерология ғылыми зерттеу институтының жалпы дерматомикология мәселелері кафедрасының кіші ғылыми қызметкері болдым.
  • 2000-2002 жылдары - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дерматология және венерология ғылыми-зерттеу институтының урогенитальды инфекциялар бөлімінің ғылыми қызметкері болдым.
  • 2002 жылдан 2005 жылға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Дерматовенерологиялық ғылыми-зерттеу институтының базасында «Тері және венерологиялық аурулар» мамандығы бойынша күндізгі аспирантурада оқыдым.
  • 2005 жылдан 2007 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дерматология және венерология ғылыми-зерттеу институтының венерология бөлімінің меңгерушісі.

  • 2007 жылдан 2009 жылға дейін - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерматовенерологиялық зерттеу институтының директордың орынбасары.
  • 2009 жылдан 2012 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің РМКМ дерматовенерология ғылыми-зерттеу институтының дерматовенерология бөлімінің меңгерушісі.
  • 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрігерлердің біліктілігін арттырудың Алматы мемлекеттік институтының Дерматовенерология және дерматокосметология кафедрасының ғылыми және клиникалық бөлімінің ғылыми хатшысы және доценті.
  • 2014 жылдан бастап 2016 жылдың наурыз айына дейін ҚР ДМ «Ғылыми зерттеулер дерматовенерологиялық институты» РМҚК Бас дәрігері.
  • 2016 жылдың наурыз айынан бастап ШЖҚ МКК «№6 қалалық емханасы» МКК Бас дәрігері.
  • 2007 жылы "Казакстан Республикасы денсаулык сактау ісінін уздігі" төске тағатын белгімен және 2015 жылы «Қазахстан Республикасы Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі ушін» төске тағатын белгімен марапатталғанбын.

Дерматовенерологияның мәселелері бойынша 90 баспаханалық жұмыстарын, соның ішінде дәрігерлерге және студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулықтарды «Урогенитальды инфекцияларды емдеу және алдын алу», «Сифилді диагностикалаудың қазіргі заманғы әдістері», «Стероид сезімтал дерматозды сыртқы терапия әдісінің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру», «Урогенитальды трактің инфекцияларына диагностикалық және емдеу-профилактикалық іс-шаралар», «Урогендік трихомониоз: этиопатогенез, клиника және емдеу»; ҚР патенті алынған «Гонококк инфекциясын емдеу әдістері» жарияладым.

We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree