Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Алдын алу егулері

ҚР Үкіметінің 30.12.2009 ж. № 2295 «Алдын алу егулері жүргізілетін аурулар тізімі, олардың жүргізілу ережелері мен жоспарлы егуге жататын тұрғындар тобын бекіту жөніндегі» қаулысы (29.06.2010 ж. өзгерістер мен қосымшалар енгізілген)

Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:

Алдын алу егулер жүргізілетін аурулары тізімі.

Мынадай жұқпалы және паразиттік ауруларға қарсы алдын алу егулер республикалық қаражаты есебінен жүргізіледі (егулер мен басқа да иммуннобиологиялық заттарды салу):

  • құтырма
  • іш сүзегі
  • көктемгі-жазғы кене энцефалиті
  • «В»вирусты гепатиті
  • Гемофиль ді b типтес жұқпа
  • дифтерия
  • көкжөтел
  • қызылша
  • полиомиелит
  • сіреспе
  • туберкулез
  • оба
  • эпидемиялық паротит
  • дизентерия
  • сальмонеллез.

Келесідей жұқпалы ауруларға қарсы жергілікті қаржылар есебінен алдын алу егулері жасалады:

  • «А» вирусты гепатиті, тұмау, күйдіргі, туляремия.
  • Жоспарлы егулерге тиісті тұрғындар топтары
  • Жұқпалы егулер мен паразиттік ауруларға қарсы жоспарлы егулерге төмендегі тұрғындар топтары тиісті:
  • алдын алу егулерді жүргізуі бекітілген мерзімдерімен жастары бойынша тұлғалар;
  • жұқпалы аурулар табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс істейтін тұрғындар (жазғы-көктемгі кене энцефалиті, күйдіргі, туляремия, оба);

Өзінің кәсіби қызметі бойынша тәуекелді топқа жатқызылатын тұлғалар:

  • медициналық қызметкерлер («В» вирусты гепатиті,тұмау)
  • канализациялық және тазалаушы құрылыстардағы қызметкерлер (іш сүзегі);

Денсаулығының жағдайы бойынша тәуекелді топтарға жатқызылатын тұлғалар:

  • қан құйылған («В»вирусты гепатиті);
  • медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған балалар (тұмау);

Балалар үйлерінде, бала үйлері, қарттар үйлеріндегі тұлғалар (тұмау);

  • кез келген жануармен тістелген тұлғалар (құтырма);
  • тері қабатының тұтастығы және шырышты қабықтарының бұзылуымен жарақат, жара алған тұлғалар (сіреспе);
  • эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша егулер жүргізілетін, жұқпалы аурулармен жұғынуы жоғары аумақтарда тұратын тұлғалар («А»вирусты гепатиті, тұмау, қызылша, эпидемиялогиялық паротит).
We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree