Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Жүктілік бойынша қашан және қалай есепке тұруға болады

Сіздің отбасыңызда қуанышты жағдай болды ма- сіз сәби күтіп жүрсіз бе? Осыған байланысты болашақ ананы көптеген: «Қалай дұрыс тамақтану керек?», «Күн тәртібін қалай сақтау қажет?», «Сәбиге не зиян келтіруі мүмкін?» және басты мәселе «Жүктілік бойынша қашан және қалай есепке тұрам?» деген мәселелер мазалайды.

Қазіргі уақытта жүкті әйел қай жерде бақылануына болатынын таңдау орны бар. Ол мемлекеттік әйелдер консультациясы, перзентханалар және жеке меншік медициналық клиникалар. Бақылану орнын таңдау әйелдің талабына және оның материалдық мүмкіндігіне байланысты.

Қайда бақылануға болады?

Бақыланудың алғашқы және ең көп тараған түрі- бұл мемлекеттік емхана, мұнда физиологиялық жүктіліктің бақылауы жүргізіледі. Оның негізгісі үйіне жақын орналасқан емхананың орны болып табылады. Белгілі бір қауіптің дамуы жағдайында емхананың акушер-гинеколог дәрігерлері мұндайда әйелді перзентхана жанындағы әйелдер консультациясына бақыланудың екінші кезеңіне ауыстырады.

Әдетте, жүкті әйел тұратын ауданына жетекшілік ететін акушер-гинекологта бақыланады. Бірақ болашақ ана қандай да бір себептермен бұл дәрігерге есепке тұрғысы келмесе, онда ол әйелдің оны ауыстыруға толық құқығы бар.

Жүктілік бойынша өзі бұған дейін қай жерде емделіп, қай жерде әйелдер консультациясында қаралған жері бойынша есепке тұруы қажет. Ол медициналық бақылаудың жалғастырушылығын (барлық анализдер, ауруын және өткен емдеулері есептеулі және амбулаторлық картасында құжатталған) сақтайды. Басқа орынға есепке тұру үшін болашақ ананың бұдан бұрын бақыланған орнынан, әйелдер консультациясынан шығу туралы көшірмесін әкелуі қажет. ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес жүкті әйел нақты тұрып жатқан орны бойынша есепке тұрады.

Жеке меншік медициналық орталықта жүктілікті жүргізу және бақылау мүмкін. Жүкті әйел клиниканы таңдай отырып, емдеуші дәрігерді таңдайды және заңды күші бар келісім-шарт бекітеді. Шарттың құны көрсетілетін қызмет пен маманның біліктілігі, орталықтың деңгейіне байланысты және әр түрлі болуы мүмкін. Алмастыру картасын беретін клиниканың лицензиясының бар екеніне ден қою қажет (онда жүктілік ағымы туралы барлық мәліметері белгіленеді).

Жүктілік бойынша есепке қай уақыттан бастап тұру қажет?

«Денсаулық сақтау жүйесі және халық денсаулығы туралы» ҚР кодексіне сәйкес

90- бап жүкті әйел жүктіліктің 12- аптасына дейінгі мерзімде медициналық есепке тұруға міндетті.

Консультацияға ерте келу ол жүктіліктің асқану мүмкіндігін емдеу және уақытылы айқындауға мүмкіндік береді және дені сау сәбидің туылуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар есепке ерте тұру жүктіліктің және босанудың максимальді мерзімін тура анықтауға мүмкіндік береді.

Барлық анализдерді тапсырып және бірталай дәрігерлерге барып, одан барлық жасаған жұмысың бостан босқа кеткенін білу өте өкінішті. Сондықтан дәрігерге «берілудің» оңтайлы мерзімі –бұл 9-12 аптасы.

Жүктілік бойынша есепке қалай тұруға болады?

Әйелдер консультациясына алғаш келгенде дәрігер ауырған ауруларына көңіл бөледі, созылмалы аурулардың бар екенін, операция, аллергия және бұрынғы жүктілігінің ағымы туралы анмнезін жинайды. Жүктілік бойынша есепке тұру кезінде неше түсік тастағаны және жасанды түсік болғанын жасырудың қажеті жоқ.

Жүктіліктің бақылану сапасы үшін кез келген дерек маңызды болып келеді. Содан соң әйелдің бойы мен салмағын өлшеу жүргізіледі. Ол бой мен салмақ көрсетікішін өлшеу үшін және барлық тоғыз айдағы қосқан салмағын анықтау үшін қажет. Содан соң дәрігер гинекологиялық тексеріс өткізеді, жүктілік мерзімін және жатырдың өлшемін, қосымша гинекологиялық ауруларын анықтайды және қынаптан микрофлораға жағынды алады.

Алынған мәліметтер негізінде жүкті әйел сол немесе қандай да бір қауіп тобына жатқызылады (ақауының бар екеніне байланысты) және жүктілік жүргізу жоспары құрылады. Есепке алар кезінде акушер-гинеколог бірқатар қажетті анализдер мен мамандарға кеңес тағайындайды. Әйелдер консультациясына алғаш келгенге дайындалып келген және өзіңізді ойландырған мәселелер тізімін құрғаныңыз жөн.

Босануға дайындық бойынша курстар неліктен қажет ?

Әйелдердің белгілі пайызы, оларға дайындық керек емес деп шешеді. Босануға дайындық курсына келетін әйелдер, олар ережедегідей өзінің келген себебін тура айтып жеткізеді.

Олардың ішіндегі себептерін атап өтсек:

  • «Босану деген не екенін түсінгім келеді, оған моральді және физикалы түрде дайындалғым келеді.
  • көптеген заманауи ғасырдың әйелдері бұл мәселені өзі үшін шешіп қойған. «Өзіме босануды қалай жеңілдетсем екен?» - деген. Сол сияқты мұнда мынандай сұрақтар да жатады: «Босану кезінде қалай тынысталу қажет?», «Қандай позаларды қолданған жөн?» және т.б.
  • «Перзентхананы қалай таңдауға болады?»
  • «Жаңа туылған нәрестені қалай күтеді?», «Онымен не ісеуге болады?», «Емшекпен жақсылап тамақтандырудың негізі қандай?», «Баланы емшекпен қалай дұрыс тамақтандыруға болады?»

Жұптар да жиі келеді: күйеуі босанарда әйелін не күтіп тұрғанын білгісі келеді және босану процесіне қатысуға бола ма екенін шешу үшін келеді. Кейбір болашақ әкелер сұрақ жауаптарын дайындап келеді: «Босану кезінде әйеліме не көмек бере алам?», «Перзентханаға қай кезде апару керек.
Бұл ережедегідей, түбегейлі проблемалар айтылмайды. Бірақ олар бар! Курс барысында жаңа, жаңа мәселелер кездеседі.

Заманауи әлеуметтік-тұрмыстық жағдай адампайда болған аралық бойынан соңғы 200-150 жылды есептемегенннен әлдеқайда өте жақсы. Бұрындары әрбір отбасында әйтеуір бір әйел адам (анасы, ағасының әйелдері) бала көтеретін және өсіп келе жатқан қыз баланың көзінше босанатын. Жиі босанатын –отбасы көпбалалы болатын және сәби өлімі жоғары болатын. Міне, сондықтан да, әр әйел үшін жүктілік процесі және босану деген таныс еді, табиғи, түсінікті және өте таныс еді. Ал қазіргі уақытта заманауи қыздар босану дегеннің және жүктілік неше мерзімге созылатынын біле бермейді. Қазіргі заманның әйеліне босану үшін серіктес керек, оның түпкілікті генетикалық білімін көтеретін адам, оны босануға үйрететін өзін қалай ұстау керектігін және өзіне сенімін оятатын әрине, ақпараттық білімін толықтыратын адам іздейді. Осы рольді жиі осындай курстар атқарады. Ол жерден босану деген не, олар қалай болатыны жайлы деректі фильмдер көрсетіледі және босанудан қорқудың қажеті жоқ екені дәлелді жеткізіледі. Ақпарат болса, қазіргі кезде онда жетіспеушілік жоқ. Тақырыптық журналдар, ғылыми және бұқаралық кітаптар бар, көптеген түрлі сайттар да бар. Қазіргі кезде көптеген мәселелер бойынша түрлі ақпаратты табуға болады, алайда осында да басты мәселе жатыр. Қойылған сұрақтан берілген көптеген жауаптардың өзі қажетті ақпаратты ажыртуда қиындық туғызады. Жетекшімен жеке сұхбаттасу кезінде әрбір әйелдің кез келген жағдайын нақты және жан жақты талқылау мүмкіндігі туады. Оқудың практикалық жағы босану кезіндегі толғақ және тыныс алу тәжірибесіне жаттығу, ол толғақ кезінде дұрыс күшену және ауырсынуды жеңіл сезуге әкеп соқтырады. Босануға болашақ әкелердің де дайындығы маңыздылығын атап кету қажет. Өйткені олар туралы әдетте бұл кезде ұмытып кетеді, алайда ол осындай іс қимылдардың негізгі қатысушысы. Бала біту сәтінен бастап, әйелдің мінез-құлқы, түрі, әдеттері өзгереді, ол психологиялық және физиологиялық тұрғыдан ана болуға дайындалады. Ал еркектің әкеге айналу үдерісі де өте маңызды. Болашақ ана мен болашақ әкелерге жүктілік пен босануды жеке тұлғалық тұрғыдан өзінен өткізу қажет. Жүктілік даму барысында жұпта эмоционалдық, жақын қатынастарда түсінбеушілік пайда болады, кейде олар ірі мәселелерге апарады. Өздерінің мәселелері туралы жұбайлар сырттан естігенде, осындай қиындықтар жеңілірек басынан кешіріледі. Алайда іштегі қиындықтармен адамдар кез келген адамға бара алмайды, сондықтан босануға дайындық курстарында өздері сияқты жүкті жұптармен қатынаста болуы өте маңызды. Жиі әйел екі қабат болғанда, әдетті тобынан қалып қалады да, жалғызсырап, бөлектенгенін сезіне бастайды. Өзін жалғыздықта сезінбес үшін осы курсқа келген басқа жүкті әйелдерді кездестіріп, әр түрлі мәселелерді қозғау арқылы өзінің мәселесін оңай шешеді.Біздің курстарда осындай қатынастар тәжірибелік және дәрістік оқыту арасындағы шәй ішу кезінде орын алады. Топтарда дайындалудың басымдылығы, өзін анықтай алмай жүрген, немесе мүлдем ойланбаған мәселені білу, жеке тәжірибені ғана емес, бүкіл топтық тәжірибені алу болып табылады. Жүктілік пен босану туралы қажетті білімдерін, сонымен қатар техникасы мен дағдыларын істеп көру өзө күшіне сенуге, ата-ана борлу жолында таңдаулы жолмен жүруге мүмкіндік береді. Балаларымыздың денсаулығы мен саулығы біздің қолымызда. Біздің курстан алған білім арқылы жүкті әйел мен жұбайы өзін ата-ана болуға дайын екенін сезінеді. Дайындық курсында жұбайының қолдауы арқылы жеңіл босануы және сол сияқты психотерапевттік тәжірибе мен тренингтің көмегі өте зор.

Жүктілік және оның кезеңдері

Шартты түрде барлық акушер-гинекологтар жүктілікті үш бөлікке бөледі. Әрбір кезеңінің ана үшін де, бала да үшін өзіндік ерекшеліктері бар.


I кезеңі

Жүктіліктің бірінші кезеңі бала біту сәтінен 14 аптасына дейін болады.

Осы кезеңде бала бластоцистадан ұрыққа дейін сатылардан өтеді. Ұрықталған аналық жасушажыныс жолдары арқылы жатырға түседі, ал 2-3 аптадан кейін жатыр қуысына ене бастайды, ал 4-шіаптадан бастап болашақ ұрық жолдастың (плацента) бәсеңдеп қалыптасуы жүреді. Әдетте, осы уақытта әйел екіқабат екенін білмейді. Ана ағзасымен тікелей байланыс орнамағандықтан, өмір салтындағы бұрыс іс қимылдар ұрыққа теріс әсерін тигізбейді. Алайда жүктілік расталған сәтінен бастап, салауатты өмір тәртібін: еңбек, демалу және тамақтануды ұстанған дұрыс.

Біртіңдеп болашақ балаңын барлық органдары мен жүйелерінің қалыптасуы жүреді.

Әйелдің ағзасында жүктілікті қолдауға арналған прогестерон гормонын тудыратын, сары дене қызметі артады. Сондықтан жүктіліктің алғашқы белгілері көрініс табады: сүт бездерінің үлкеюы және ауырсынуы, жиі дәретке баруы, қынаптан бөлінулердің көбеуы, жүрек айну, омырау ұштары мен іштің ортасының біртіңдеп реңденуі басталады. Прогестеронның ыстық көтергіш қасиетінен тоңазу сезімі туындау мүмкін.

Бұрын қалыптасқандай, ерте жеріктің пайда (токсикоз) болуы екіқабат әйел үшін қауіпті емес. Әдетте ол қалыптасып жатқан ұрыққа зиянды заттарға (ішімдік, никотин, әтір иісі, боуыштар, бензин, дәрілік заттар, қуырылған тағамдар) пайда болады, алайда бұл тамақтан бас тарту дегенді білдірмейді.

Екіқабат әйелдің ағзасына тек ауыр ерте жерік пайда болуы қауіпті, бұнда жүрек айнуы күніне 40-50 ретке дейін болады. Ол кезде көптеген пайдалы микроэлементтер, дәрумендер және ақуыз жоғалтылады.

Ұсыныстар
Көбірек су ішіңіз. Бұл бірінші кезеңде өте қажет. Таңда жарты стақан жылы судан бастаған жөн. Әдетте қарапайым тазартылған суды немесе құрғақ жемістерден жасалған сусынды ішкен дұрыс. Жерік кезінде қолдан жасалған қытырлақтар мен кепкен жемістер (оларды сору қажет) пайдалы. Жерік кезінде бал және бір тамшы лимон немесе алма сіркесуы қосылған су көмектесу мүмкін.

Осындай ұсыныстар жағдайыңызды жеңілдетпеген жағдайда, акушер гинеколог дәрігерге барыңыз, ол бауыр қызметін көтеретін, нәтижесінде зиянды заттардың шығуын тездететін, дәрілік заттары бар сүйықтықты қуюды тағайындайды.
Прогестерон әсерінен терлеу және реңтену өзгеру мүмкін, сондықтан белсенді күн астында жүрмеген дұрыс, бірақ таза ауада жиі болуға тырысыңыз (таңертен немесе кешке). Осындай салдардан күрделі косметикалық өзгерістер де жасаудыңқажеттілігі жоқ. Оларды босанудан кейін жоспарлаған дұрыс.

Хал жағдайыңыз нашарлағанда міндетті түрде дәрігерді ақпараттандырыңыз.

Біріңші кезең барлық жүктіліктің маңызды кезеңі болып есептеледі. Бұл бірінші апталарда жүктіліктің болуы немесе болмау мәселесі шешілетіні, сонымен қатар оның сапасы қандай болатыны шешілгендіктен өте маңызды деп есептеледі.

II
кезең
Екінші кезең (14 аптадан 28 ға дейін) ана үшін жеңіл өтуімен, және бала үшін маңызды өзгерістермен ерекшеленеді. 14 аптаға ұрық толық қалыптасқан. Енді оның өсуі — бұл ана ағзасынан тыс өмір сүруге дайындық болып табылады.

Осы кезеңге тән сипаттар:

Біріншіден, жүктіліктің 15-16 аптасында ұрық жолдас (плацента)қызмет ете бастайды. Плацента — жүрек-тамыр да, тыныс алу да, шығару да жүйелердің қызметін өзіне қосатын, сонымен қатар қоршау және гормоналды қызметін атқарады. Осыған қарамастан, плацента өте осал орган. Және егер екіқабат әйелдің қандай да бір «бұзылу» болғанда: созылмалы аурудың асқынуы, жұқпалы аурудың асқынуы, жұқпалы және жұқпалы емес этиологиялы аурудың асқынған жұқпаның пайда болуы, жүктіліктің тоқтауының ұзақ ағымдағы қаупі — ең алдымен плацентаның тамырлары зақымдалады, олар тарыла бастайды, одан кейін өз кейпін өзгертеді, және қосымша тарала бастайды. Осының салдарынан плацента ұрық жүйесінің жетіспеушілігі туындайды, ол өсіп жатқан нәрестеге оттегі және қоректік заттардың келуі азаяды. Нәресте оттегі жетіспеушілігіне тап болады, содан кейін ұрықтың дамуында өзгерістер орын алады. Осындай жағдайды фето-плацентарлық жетіспеушілік (ФПЖ) аталып, міндетті емделуді талап етеді.

Ананың өз бетімен фето-плацентарлық жетіспеушілікті анықтауы мүмкін: ұрықтың қозғалысы белсенденуі немесе керісінше бәсеңдеуі, баланың жүрек қағысының күшейюі немесе әлсіреуі — минутына 160 жиі немесе 120 соғысынан кем болуы арқылы біле алады. Осындай күдіктер туындаған кезде, міндетті түрде учаскелік акушер гинекологқа айтып, ол ультрадыбыстық және допплерометриялық зерттеулерді қосатын қаралуларды тағайындайды.

Екіншіден, ұрық жанындағы сулардың көбейюі— баланың ішкі жатырлық аясының өзгері орын алады. Осындай сулар амортизатор рөлін атқарады, ұрықты жарақаттардан және зақымдаулардан сақтайды, сонымен қатар температураны реттейді. Нормасында олар ашық түсті және мөлдір болады. Әрбір 4 сағат сайын олардың жаңартылуы, ал апта ішінде — толық ұрық жанындағы сулардың алмасуы жүреді.

Үшіншіден, екіқабат әйелдер ұрықтың қозғалуын сезіне бастайды. Әдетте, алғаш рет туатындарда ол 20-ші аптада, ал қайта туатындарда — жүктіліктің 18-ші аптасында. Қазіргі кезде бірінші қозғалысты ерте сезіну қарқыны, ішкі жатырлық акселерация деп аталатын үрдіске байланысты.Нормасында екіқабат әйелдің сергек кезеңде ұрықтың 10-15 қозғалыс сезілу тиіс.

Одан басқа, сору рефлексі дамиды. Өз өзімен ойнай, нәресте өз бармағын сорады, және су ортада болғандықтан, кейде ұрық жанындағы суларды жұтып қоюы және оны ықылық көмегімен қайта шығаруы мүмкін. Ықылықты барлық екіқабат әйелдер ішіндегі біркелкі жеңіл тоқыл ретінде сезінеді.


20дан 28 аптаға дейін біртіңдеп баланың органдары «қосыла» бастайды.


20-ші аптада нәресте сезіне бастайды, қабағын түю, көзін сығырайту, ернін қозғалтады, ал 24 аптадан бастап — сіздің дауысыңыздың естіп, қатты дыбыстардан бала тітіркенеді.

28-ші аптада ұрықтың тілінде дәмді сезіну талшықтары пайда болады, ол тәтті, тұзды және аштыны сезіне бастайды. 28 аптада баланың көзі ашылып, енді ол өте анық көре бастайды.

Осыны ескере отырып, II кезеңде белсенді өмір салтын ұстанып, күндіз демалу қажет. Жағымды образдар елестету мен сезімдерді сезіну жақсы. Театрларға, сабырлы жағымды музыканы тыңдаңыз, классикалық және романтикалық әдебиетті оқыңыз, ойын ойнаңыз, фортепианода ойнауды үйреніңіз, сурет салыңыз, егер қаласаңыз, қолыңыздан келмесе де, пластилиннен немесе қамырдан мүсіндер жасаңыз. Демек, шығармашылықты көбірек танытсаңыз, сіздің нәрестеңіз сіздің қамқорыңызды және көңіліңізді сезінеді, және олар баланың болашақ қабілеттерінің қалыптасуына жағымды әсер етеді.


баланың болашақ тәртібі туралы ойланыңыз. Әрине, ішіңіздегі баланың өзіндік ұйықтау және сергектік тәртібі бар. Кейде сіздің ұйқыңыз келгенде белсенді қозғала бастайды. Алайда, баланың негізгі түнгі ұйқысы тәртібі сіздің негізгі ұйықтау уақытыңызбен реттеледі. Сондықтан кеш жатпауға, түнгі сағат 10-11 дейін жатуға тырысыңыз. Сонда туылған баланың ұйқысының да реттелуі дұрыс болады.

Бүйіріңізде ұйықтауға үйреніңіз, өйткені өсіп жатқан жатыр, оның астындағы ірі қан тамырларын басып, қан айналымын төмендетуі мүмкін. Баяу бір бүйіріне бұрылып, бір қолға тіреле отырып, асықпай тұруға тырысыңыз. Тез тұрып кеткен кезде, қанның ірі тамырларынан тез ағып кетуінен, бас айналуы және әлсіздікті сезінесіз.

Екінші кезені басталысымен босануға дайындық курстарына бару туралы ойлану қажет, онда сізді, жүктілік, алдағы босану туралы мазалаған мәселелерді шешуге, сонымен қатар өз ағзаңызды босануға арнайы физикалық жаттығулар, тыныс алу гимнастикасымен дайындауға мүмкіндік аласыз.


Осы кезеңде болжалды микроэлементтердің тапшылығын алдын алу қажет.

III кезең
28 аптадан босануға дейінгі кезеңде, әдетте, алдағы босану үдерісіне қорқыныш пен үрей күшееді. Олармен қалай сәтті күресуге және соңғы апталарын қалай өткізуге болатыны ойластырайық.

III кезеңнін негізі жатырдың өскенімен байланысты мәселелерімен, сонымен қатар артық салмақ қосуымен байланысты. Бұнда екіқабат әйелдің салмағының жалпы қосылуы орын алады: 30% бала салмағы; қан мен су артық салмағы — 30%; өскен жатыр, омырау, бүйір және аяқ салмағы — 20% дейін; және плацента мен ұрық жанындағы сулар 10% құрайды.


Үлкейген жатырдың сипаттары ретінде қайта қайта болатын жүрек айнуы, қыжыл, қиын тыныс алу, елеусіз күш жумсауда біраз тездетілген жүрек қағысы, демікпе, шаршап қалу, белдің ауруы, кейде бүкіл омыртқанын ауруы болады.

Бұл сипаттармен ана өзі де күресе алады. Күніне 2-3 рет арнайы тыныс алу жаттығуларын, өзін өзі арнайы буындарға арналған, жеңіл жаттығулар мен созылуларды жасау, қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда дұрыс тамақтану және ем-дәмді ұстану, жаяу жүргенде демалып тұру арқылы болдырмауға болады.

ДД (декреттік демалыс) шығу 30 аптада бекер қарастырылмаған, өйткені осы мерзімнен бастап, екіқабат әйелді жұмысқа салуға тиім салынады. Егер сіз жұмыс жасай берсеңіз және сіздің жұмысыңыз көбінесе отырумен байланысты болса, біраз уақытыңызды жаттығуларға бөлуге, жұмыс орныңызды ыңғайландыруға тырысыңыз. Бұл міндетті түрде беліңізге арналған, біраз артқа қарай шалқайған, тіреу болуын, аяқтан қанның тамырлар арқылы жақсы жүруіне септігін тигізетін, аяққа арналған тіреуіш болуын білдіреді.


Бұрыннан бар болған асқынған және жүктілік кезінде бірінші пайда болған варикоз – екіқабат әйелдер үшін кеңінен таралған жағдай. Варикозды болдырмау мақсатында екіқабат әйелдерге тығыз киім, тар аяқ-киімді кимеуге, отырғанда тіреуішті қойып отыруды, аяқты аяққа салмауды, ұйықтаған кезде аяқтарды көтере жату, күнделікті 8-10 отырып-түруды жасауды, душтан кейін аяқты суық сумен шаю, тұрып тұрғанда үнемі аяққа арналған жаттығуларды жасау.
Алайда варикоздың алғашқы көріністерінде - аяқтағы жыбырлау, ауырсыну, аяқ салмақтануы, кешке қарай аяқтың ісінуі, тамырлық жұлдызшалардың пайда болуы кезінде осындай аурудың әрі қарай дамуын болдырмау мақсатында, учаскелік акушер-гинекологтың немесе тамырлық оташы кеңесіне жүгіну қажет.


Екіқабат әйелдердің тағы да бір «бәлесі» - іштің қатуы. Ол екіқабат кезінде ішек-қарындағы перистальтиканың төмендеуімен және гормоналдық өзгерістерден ішектегі микрофлораның бұзылуымен байланысты. Сондықтан аз-аздан және жиі тамақтану қажет, көбірек көкөністер мен жемістері бар, көкөністі сорпалы, қуырылған, ашты, тұзды және консервіленген тағамы жоқ диета ұстану қажет. Осындай іш қату кезінде «Форлакс» жақсы көмектеседі, оны курстық мөлшермен — таңғы аста немесе түскі ас қабылдау уақытында 1-2 стақан10-14 күн ішінде қабылдау қажет. Жоғары газ туындауда «тербелме» жаттығуы жақсы әсер береді, бұнда арқаға жатып, аяқты тізесінде бүгіп, тізе астынан ұстап тұрып, тербелу қажет.

Екіқабат әйелдерді жиі іштің терісі мен бүйіріндегі тері созылып кетуі мазалайды. Оларды алдын алу мақсатында іштің және бүйірлердің терісін зәйтүн майымен немесе арнайы созылып кетуге қарсы майлармен майлау қажет, осы жерлерді бас бармақ пен сұқ бармақпен аздап ауырғанынан дейін шымшып ұқалау: ішті – сағат тілімен үлкен шеңберден бастап, кіндікке қарай диаметрін азайта отырып ұқалау, ал бүйірінде – төменннен жоғары жасау қажет. Пайда болған терінің созылулары кезінде олардың әрі қарай таралмау мақсатында бандаж кию ұсынылады.


Қыжыл пайда болуын кетірілген жемістерден жасалған сусын, әлсіз лимонды су, геркулестің 5-6 шикі дәнін шайнау көмектеседі. Қыжыл болғанда аз ғана мөлшерде тамақ ішкен дұрыс.


IIIкезеңдегі ұйықының бұзылуы — сізді үрейлендірмеу керек, бұл норма. Егер сіздің ұйқыңыз нашарласа, жатар алдында релаксациялы жаттығуларды жасауға, бір аяғыңызды бүгіп, оның астына жастық салып, бүйіріңізде ұйықтауға тырысыңыз.

III кезеңде сіздің балаңыз қалай дамиды?
ен алдымен, ең маңыздысы, жүктіліктің 28 аптасында мидың қыртысы жұмыс істей бастауы, ол баланың барлық үдерістерін реттейді, сананы, түсінуді «қосады», термореттеуге жауап береді және т.б. 36 аптада ми қыртысы толығымен қалыптасады және енді бала ана ағзасынан тыс өмір сүре алады.

Екіншіден, III кезеңде, 36 аптада таман сыртқы тыныс алуға бала өкпесінің дайындығын анықтайтын, сурфактант заттың өкпеде қалыптасуы аяқталады. Осы заттың арқасында өкпедегі ауа көпіршіктері, туылған баланың бірінші тыныс алу кезінде бір жазылып, қайта жиырылмайды да, өкпе ауруларға жол бермейді.


36 аптада баланың бармақтарында тырнақтары өседі, ұл балада жұмалақтары анық көріне бастайды, 39-40 аптаға жақын баланың ішегінде қара субстанция жиналады — меконий, алғашқы нәжісі.
Босануға 3-4 аптаға дейін алғашқы босанудың көрсеткіштері пайда болады: іштің формасы өзгеруімен – енді оның ұлғайған бөлігі төс аясынан төмен болып, білінеді, бала басының төмендеуі, іштің төменгі жағында ауырлық сезімі пайда болады, тыныс алуы біраз жеңілдейді, несептің шығуы жиіленеді және көлемі азаяды; ұрық жанындағы сулардың азаюы; босану алды толғақтардың болуы – тәулігіне 10-12 ретке дейін, алайда олардың босану кезіндегі толғақтан айырмашылығы, бірқалыпсыздығы. Босануға жақындағанда шырысты тығын шығады – мөлдір, созылмалы субстанция, кейде қан бар қызғылт реңкті болады.


Енді босану жақындады, сондықтан оларға дайындалу қажет: сізге қажет болатын заттармен сөмкені жинастыру, және әрине психологиялық жағынан дайын болу қажет. Алдағы босануға деген қорқыныш қаншалықты аз болса, соншалықты балаңыздың сәтті туылуы заңды.


Қорқыныштың болмау көптеген факторларға негізделеді:
  • босанудың үш кезеңінде сіз және балаңызбен не болатынын білу;
  • босану кезінде тыныс алу жаттығуларын дұрыс қолдану;
  • босануға ағзаның физикалық дайын болуы;
  • күйеу, ана, апайы немесе досыңыз болса да, серіктестің көмегі;
  • таңдалған перзентхана мен дәрігердің сіздің талаптарыңызға сәйкес келуі, сол ұйымның медициналық қызметкерлеріне сенімділік дәрежесі.

Перзентхана мен дәрігердің таңдауын, қаланың барлық перзентханаларымен танысып, отбасылық кеңесте шешіп, ерте жасау қажет. Қазіргі кезде қаланың әрбір перзентханасында босану кезінде серіктеспен бірге болуды рұқсат ететін, ақылы бөлімдері бар. Перзентхана мен дәрігермен нақты және тікелей келісімге келу жүктілік толық деп есептелетін, 36-ші аптада жасалу қажет.
Қорқынышпен күресудің басқа да факторлары бойынша барлық мәселелерді сіз босануға дайындық курстарында шешуіңізге болады.
We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree