![]() |
|
![]() |
№1 Отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі – Нургазиева Алма Оспановна.
Жоғары санаттағы жалпы тәжірибелік дәрігері, 2008 жылдан бастап жалпы тәжірибелі дәрігердің сертификаты бар. Жалпы еңбек стажы - 40 жыл.
ШЖҚ «№6 ҚЕ» КМК 2004 жылдан бастап жұмыс атқарады.
№1 Отбасылық денсаулық орталығы бөлімшесінің құрылымы:
- 10 ЖТД учаскесі бар. Әр бір учаскіде 1700 тіркелген халық бар. Орталықта 10 жалпы тәжірибелі дәрігер, бір аға мейіргер, жалпы тәжірибелі дәрігердің 18 мейіргерлері қызмет атқарады.
Бөлімшенің негізгі функциялары:
- Бекітілген халыққа емханада және үйде дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсету;
- Диспансерлік бақылау (анықтау, есепке алу, динамикалық бақылау, емдеу-сауықтыру іс-шаралары);
- Халықты негізгі инфекциялық ауруларға қарсы иммунизация бойынша іс-шараларды жасау;
- Алдын-ала қауіп факторларды анықтау және тиісті іс-шараларды атқару.
- Ауруларды ерте анықтауға скринингтік зерттеулерді өткізуге;
- Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету;
- Салауатты өмір салты мәселелері бойынша халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, зиянды әдеттермен күресу;
- Қысқа уақытқа еңбекке жарамсыз бойынша экспертизаны атқару;
- Санаторий-курорттық емделуге тиісті құжаттарды рәсімдеу;
- Қалалық клиникаларға емдеуге жатқызуға, стационарлық емделуге жолдамаларды рәсімдеу;
- Өмірінің бірінші жылындағы балаларды бақылау.




