Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

№2 Отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі – Оспанбекова Дана Сайлаубековна.

№2 отбасылық денсаулық Орталығы бөлімшесінің құрылымы және жұмысты ұйымдастыру қағидалары:

ШЖҚ «№6 Қалалық емхана» КМК №2 ОДО бөлімшесінің құрамында 9 учаске бар, әр учаскіде – 1700 тұрғын бар, барлығы тіркелген – 16815 тұрғын. Бөлімше 2-қабатта орналасқан, бекітілген халыққа алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді, халық арасында профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыруды және өткізуді, дені сау тұрғындарды динамикалық медициналық бақылауды қамтамасыз етеді.


Учаскелік дәрігердің мақсаттары:

барлық жастағы аурушаңдықты және өлім-жітімді төмендетуге қол жеткізуге; баланың физикалық, психикалық, жыныстық және иммунологиялық дамуы үшін оңтайлы жағдайлар жасауға бағытталған ic-шараларды жүргізуге; өзіне тән және өзіне тән емес профилактиканы жүзеге асыруға міндетті.

Бөлімшенің негізгі функциялары:

  • Бекітілген халыққа емханада және үйде дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсету;
  • Диспансерлік бақылау (анықтау, есепке алу, динамикалық бақылау, емдеу-сауықтыру іс-шаралары);
  • Халықты негізгі инфекциялық ауруларға қарсы иммунизация бойынша іс-шараларды жасау;
  • Алдын-ала қауіп факторларды анықтау және тиісті іс-шараларды атқару.
  • Ауруларды ерте анықтауға скринингтік зерттеулерді өткізуге;
  • Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету;
  • Салауатты өмір салты мәселелері бойынша халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу, зиянды әдеттермен күресу;
  • Қысқа уақытқа еңбекке жарамсыз бойынша экспертизаны атқару;
  • Санаторий-курорттық емделуге тиісті құжаттарды рәсімдеу;
  • Қалалық клиникаларға емдеуге жатқызуға, стационарлық емделуге жолдамаларды рәсімдеу;
  • Өмірінің бірінші жылындағы балаларды бақылау.
We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree