Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Тарихы

Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының
«№6 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Емхана 1965 жылы құрылып, Алматы қаласы Алатау ауданының ықшам аудандарындағы тұрғындарға амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін. 2011 жылы ШЖҚ «№6 Қалалық емханасы» МКК ретінде қайта құрылды.

Емхананың бас дәрігері - Мухамеджанова Гульнара Балтабаевна – жоғары санатты ұйымдастырушы дәрігер, ҚР денсаулық сақтау саласының озаты (ҚР денсаулық сақтау үздігі), денсаулық сақтаудың менеджері (Ұлыбританияның «Мидлсен Университеті»).

ШЖҚ «№6 Қалалық емханасы» МКК аралас емханалық қызмет көрсету кәсіпорны, мұнда алғашқы медициналық-санитарлық, кеңес беру- диагностикалық, соның ішінде арнайы мамандырылған көмек көрсетіледі. Емхана қызметі 2011-2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" ҚР денсаулық сақтаудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетілетін тұрғындар саны 59916 адам, оның ішінде 12935 кәмелетке толмаған балалар, 26907 әйелдер, 5100 адам - 75 жастан асқан.

Емхананың жобалық сыйымдылығы бір ауысымда 500 дәрігерге көріну, емхананың нақты жоспарлық сыйымдылығы – ауысымда 690 дәрігерге көріну болып табылады.

Қабылдау үш қабатты ғимаратта - жүргізіледі, оның жалпы алаңы 2940,70 м2. Емханада 7 бөлімше жұмыс істейді, ал 2011 жылы ақылы қызметтер бөлімі ашылды, 25 төсекті күндізгі қабылдау стационары қызмет көрсетіп отыр. Барлығы 16 терапиялық, 15 педиатриялық, 6 гинекологиялық учаскелерге қызмет көрсетіледі. Бір учаскедегі тұрғындырдардың орташа саны: 2900 - терапиялық, 900 -педиатриялық, 4600 – гинекологиялық. Емхана қызмет көрсететін ауданы Саин-Маречек-Алтынсарин көшелері, Садовников–Өтеген Батыр көшелері, Жұбанов көшесі, Сайран ы/а, №1-6 ы/а шектелген. Қызмет көрсету аясында тұрмысқа жайлы үйлермен және телефониямен жабдықталған. Бұл ауданда 8 жалпы білім беру мектептері, 13 бала бақша, Әуезов ауданының әскери комитеті, 3 базар орналасқан.

2011 жылы емхана 4 жылдық аккредитациядан өтті – Мемлекеттік лицензия: 18.05.2011ж. АК-4 №0162673.

Емхана заманауи медициналық құрал-жабдықпен және ұйымдастыру техникасымен жабдықталған: ALPHA ST маммографы, «Програф-5000» - рентген аппараты, «Проскан» жаңа сандық флюорограф, 2 УДЗ аппараты, FG-29 көп қызметті фиброгастроскоп, спирограф, ЭЭГ және ЭКГ аппараттары, кольпоскоп – Dr Comscop DCS бейнескопиялық аппараты, ВС-3000 автоматты гематологиялық талдаушы, көз ауруларын емдеу және дигностикалауға арналған құрал-жабдық.

2011 жылдың соңында емхана дәрігерге алдын ала жазылу бойынша медициналық қызмет көрсетумен «Кезексіз емхана» жұмыс тәртібіне ауысты, кедергісіз қызмет көрсету типтес ашық тіркеу орны құрылды. 2012 жылдан бастап науқастарға электрондық қызмет көрсетуі енгізіліп отыр.

2011 жылдан бастап емхана ҚР ДСМ «Бүгін үздігі сенсің, ертең барлығымыз» атты бағдарламаның белсенді қатысушысы, 2012 жылы – «Кешенді тұлғалық тарифы бойынша амбулаторлық-емханалық көмекке ақыны енгізуі туралы» пилоттық жобаға қатысып отыр.

Алдын алуды жетілдіру, глаукоманы ерте анықтау, глаукомалық науқастарды диспансеризациялануының сапасын және тиімділігін арттыру мақсатында, 2012 жылдың 16 наурызынан бастап Глаукомалық орталық қызмет көрсетуде.

Емхана көптеген маңызды іс-шараларға қатысып отыр: «Денсаулық жолы», «Денсаулық фестивалі», «Денсаулық трамвайы» акцияларына, «Салауатты өмір салты үшін - 2010» байқауында 1 орын, «Ең үздік дәрігер - 2011» байқауының Әуезов ауданы бойынша жүлдегері, «Кезексіз емхана -2012» Республикалық байқауының жеңімпазы.

We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree