Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center:

Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі

Жалпы тұжырымдары:

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға ұсынылады және барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.Әрі қарай

Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемінің тізімі

Жалпы тұжырымдары:

1. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға ұсынылады және барынша дәлелденген тиімді профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді қамтиды.

ТМККК-ге:

  • жедел медициналық көмек пен санитариялық авиация;
  • мыналарды:
  • медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі – МСАК);
  • медициналық-санитариялық алғашқы көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі – КДК) қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;
  • шұғыл айғақтар бойынша – жолдаманың бар-жоғына қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайтын жоспарланған көлем шеңберінде МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек;
  • МСАК маманының немесе бейінді мамандардың жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын медициналық көмек;
  • қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санатына паллиативтік көмек және мейіргер күтімі кіреді.

ТМККК тізбесі

3ТМККК шеңберінде жедел медициналық көмек:

  • шұғыл айғақтар бойынша медициналық көмек көрсетуді;
  • шұғыл айғақтары бойынша пациенттерді медициналық ұйымдарға жеткізуді;
  • денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар бұқаралық іс-шараларды (қоғамдық, мәдени-бұқаралық, спорт және басқа) медициналық қамтамасыз етуді қамтиды.

ТМККК шеңберіндегі санитариялық авиация:

  • пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда қажетті ресурстардың болмауына байланысты медициналық көмектің тиісті деңгейін көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуді;
  • авиакөлік және автокөлік құралдарымен білікті мамандарды межелі жерге жеткізуді немесе пациентті тиісті медициналық ұйымға тасымалдауды қамтиды.

ТМККК шеңберіндегі амбулаториялық-емханалық көмек МСАК, КДК қамтиды және осы ТМККК тізбесіне енеді:

  • Бейінді мамандардың, қабылдауы және консультациясы, Халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін: (18 жасқа толмаған балаларға; жүкті әйелдерге, Ұлы Отан соғысына қатысқандарға; 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге; «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған көп балалы аналарға; атаулы әлеуметтік көмек алушыларға; жасы бойынша зейнеткерлерге; инфекциялық, әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын науқастарға және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулармен ауыратындарға) маманның жолдамасы бойынша қымбат тұратын диагностикалық зерттеулер түрі
  • Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін шұғыл стоматологиялық көмек (жіті ауырсыну): ауырсынуды басу, тісті тазалау және химиялық қатырылған құрама материалдан жасалған пломбаны салу, ауырсынуын баса отырып тісті жұлу, периостотомия, абсцестерді ашу
  • Салауатты өмі салтын қалыптастыру бойынша іс шаралар;
  • Салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды насихаттау бойынша іс шаралар;
  • Отбасыны, аналық, әкелік, балалықты қорғаудағы гигиеналық оқыту;
  • Тұрғындардың сумен қамсыздануы мен тиімді тамақтауны бойынша түсіндіру жұмыстары;
  • Жұқпалы және паразиттік ауруларға қарсы егулерді, Қазақстан Респубоикасының Үкіметімен бекітілетін тізімі бойынша жүргізу;
  • Жұқпалы аурулар ошақтарында санитарлық-эпидемияға қарсы (алдын алу) іс шаралары.

Стационарлық көмек түрінде көрсетілетін ТМККК тізімі:

  • мамандардың, оның ішінде телемедициналық коммуникацияларды пайдалана отырып, тексеріп-қарауын, консультация беруін;
  • денсаулық сақтау саласындағы стандарттарға сәйкес зертханалық және аспаптық зерттеулерді;
  • медициналық қызметтерді (ақылы қызметтерді қоспағанда), медициналық айғақтар бойынша дәрілік формулярларға сәйкесдәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді;
  • медициналық айғақтар бойынша қан және оның компоненттері препараттарымен қамтамасыз етуді;
  • үш жасқа дейінгі, сондай-ақ дәрігерлердің қорытындысы бойынша қосымша күтіп-бағуға мұқтаж ересек, науқасы ауыр балаларды күтіп-бағуды тікелей жүзеге асыратын анасына (әкесіне) немесе өзге адамға еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақ бере отырып, онымен медициналық ұйымда бірге болу мүмкіндігін жасауды;
  • бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана баланы күтіп-бағу үшін медициналық ұйымда болған барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етуді;
  • балалар және азаматтардың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттары үшін кеш оңалтуды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес ерте және жалғастырылатын медициналық оңалтуды;
  • балалар стационарлық медициналық ұйымдарында ойнау, демалу және тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасауды;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген халық санаты үшін паллиативтік көмек және мейіргер күтімін қамтиды.

ТМККК шеңберінде стационарды алмастыратын медициналық көмек:

  • мамандардың тексеріп-қарауын, консультация беруін;
  • медициналық қызметтерді (ақылы қызметтерді қоспағанда), медициналық айғақтар бойынша дәрілік формулярларға сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді;
  • стандарттарға сәйкес физио ем-шараны және емдік дене шынықтыруды қоса алғанда, айғақтар бойынша азаматтардың барлық санаттары үшін ерте және жалғастырылатын медициналық оңалтуды қамтиды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 Бұйрығы
Жүктеу

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына өзгерістер енгізу туралыҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 726 бұйрығы
Жүктеу

Нақты аурулар (жағдайлары) және арнайы емдік заттармен амбулаторлық деңгейде тегін медициналық көмек кепілденген көлеммен2015 жылда қамтамасыздандырылу үшін медициналық тағайындашлымды дәрілік заттар мен бұйымдардың тізімі
Жүктеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысына өзгеріс енгізу туралыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 29 Қаулысы
Жүктеу

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 Қаулысы
Жүктеу

We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree