Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Ұлы Отан соғысы ардагерлері және оларға теңдестірілген тұлғаларға




Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 70-жылдығына орай 10 наурызда 09-00 - 14-00 сағат аралығында «№6 Қалалық емханада» ардагерлер және оларға теңдестірілген тұлғаларға арналған ашық есік күні өткізілді.

Маршрутты акцияны жүргізу барысында, учаскелік дәрігерлер, медициналық бикелер үйлерінде ҰОС ардагерлері қаралып, емханаға шақырылды. 10 наурызда емхананың үлкен залында мамандырылған дәрігерлердің қаралуы жүргізілді. ҰОС, УТФ еңбек ардагерлері және оларға теңдестірілген тұлғалар ФГ-флюорография, ЭКГ-электрокардиография, қан талдауы, басқа да зерханалық зерттеулерден кейін, – терапевт, кардиолог, жүйке аурулар дәрігері, оташы, уролог, окулист және басқа да мамандармен қаралып, емделу және сауығу бойынша кеңес алды. Ашық есік күні акциясында жалпы 53 ардагер қаралудан өтті.

12-00 сағатта: «Қартаю және денсаулық. Белсенді ұзақ ғұмыр сүру» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, мұнда қарттар денсаулық және ұзақ ғұмырдың құпиясымен бөлісті. «Беделді жас» клубының мүшелері – емхананың медициналық қызметкерлері - концерттік бағдарламамен көңіл көтеріп, ардагерлерге сыйлықтарды ұсынды. Концерттік бағдарламадан кейін ардагерлемен бірге дастархан жайылды.

We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree