Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Денсаулық фестивалі – 2018

2018 жылы 09 қыркүйекте Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№6 Қалалық поликлиникасы» МКК қызметкерлері Алматы қаласында «Астана» алаңындағы «Денсаулық фестивалі-2018» атты кең тарамды акцияға белсенді қатысты.

Фестивальдің форматында өткен іс-шараларда біздің поликлиниканың қызметкерлері де басқа қала тұрғындарымен және қонақтарымен бірігіп, 500-ден астам келушілер түрлі мәселелер бойынша бірқатар тегін медициналық тексеруден өтіп және кеңестер алды.

Сонымен қатар, фестиваль аясында АҚТҚ тесті, бойдың өлшемдігі, салмақ және қан қысымын өлшеу, дене салмағының индексін анықтау тегін іс-шаралар ұйымдастырылды.

Бұл акцияның мақсаты - инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың пайда болуын болдырмау үшін қоғамдық белсенділігін жоғарлату, салауатты өмір салтын жүргізуіне тарту болып табылады.

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№6 Қалалық поликлиникасы» МКК қызметкерлері фестивальді үйымдастырушыларға зор алғысын айтады: «Біз осы аталған фестивальге қуана қатысып тұрмыз. Іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін, іс-тәжірибеге кәсіби тұрғыдан қарауды, өте бай және қызықты бағдарламаны атап өткіміз келеді - бәріміз үшін керемет әрі пайдалы болды».

We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree