Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Ата-аналарға жаңа туған нәрестелерді вакцинациялау туралы тиімді ақпарат.

Егер де ата-аналар жаңа туған балаға вакцинация жасамаса, нәресте қызылша, менингит, пневмония, сіреспе және полиомиелит сияқты өте ауыр ауруларға шалдығу қаупіне ұшырайды. Бұл аурулардың көпшілігі өмірге қауіп төндіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, тек балаларға арналған вакциналар жыл сайын 4 миллионнан астам адамның өмірін сақтайды.

Кейбір аурулар сирек кездесетініне қарамастан, олардың қоздырғыштары әлемнің кейбір аймақтарында немесе барлық аймақтарында таралуын жалғастыруда. Қазіргі әлемде жұқпалы аурулар шекарадан оңай өтіп, оларға иммунитеті жоқ кез келген адамға жұқтыруы мүмкін.

Вакцинация жасау екі негізгі ойдан туындауы керек: ол адамның өзін қорғауға және айналасындағыларды қорғауға мүмкіндік береді. Кейбір адамдар, мысалы, жаңа туған нәрестелер және ауыр аурулары бар, немесе аллергияның белгілі бір түрлері бар адамдар – вакцинацияға жасауға қарсы көрсеткіштер болуы мүмкін. Вакциналарды жасау көрсеткіштер адамның қандай прививкаларды қабылдағандығына да байланысты мүмкін. Вакциналар аурудың қоздырғышын күшін азайтады, ауруға қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін табиғи қорғаныс механизмдерін белсенділыгын жоғарлатады.

Вакцинация дененің иммундық реакциясын тудырады. Иммундық жүйе:

• Аурудың қоздырғышын тани бастайды, мысалы вирус немесе бактерия сияқты. • Антиденелер өндірісін бастайды. Антиденелер - бұл ағзаның иммундық жүйесі аурумен күресу үшін табиғи түрде өндірілетін ақуыздар. • Болашақта онымен күресу үшін аурудың қоздырғышын есте сақтайды. Егер бұл патоген ағзаға қайта енсе, иммундық жүйе аурудың дамуына жол бермей, оны тез жояды.

Осылайша, вакцинация - бұл белгілі бір ауруды жұқтырмай, денеде иммундық реакцияны тудырудың қауіпсіз және ұтымды әдісі. Адамның иммундық жүйесінде есте сақтау қабілеті бар. Вакцинаның бір немесе бірнеше дозасын алғаннан кейін адам денесі көптеген жылдар, ондаған жылдар немесе тіпті өмір бойы белгілі бір аурудан қорғауды алады. Бұл вакциналарды осындай тиімді құралға айналдырады. Вакциналар бізді ауыртпайды, бұл ауруды ол пайда болған кезде емдеу қажеттілігі әлдеқайда жақсы.

We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree