Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Балалардың жарақаттануы және оның алдын- алу жолдары.

Баланың құлап қалуы.

Абайсыз құлау - балалар арасындағы жазатайым оқиғалардың көпшілігінің негізгі себебі болып табылады. Дененің көгеруі, сүйектердің сынуының және бастың ауыр жарақаттарының ең көп тараған себебі - баланың жазатайым құлап қалуы. Баланың құлап қалуын алдын алуға болады, егер де: • Баспалдақтарға, терезелерге және балкондарға қоршаулар орнату керек. • Терезе 10 см-ден артық ашылмауы керек. Осы мақсатта міндетті түрде терезелерге шектеулерді қойыңыз.

Жолдағы жарақат.

Балалар жолды кесіп өткенде, келесі жол ережелерін білуі және міндетті түрде сақтауы керек: • керек кезде жолдың шетінде тұрып қалу; • екі жаққа мүқият қарауға; • жолды кесіп өтпес бұрын, жолда машиналар немесе басқа көлік құралдары жоқ екеніне толық көз жеткізуге; • жолды кесіп өткенде, ересек адамның немесе өзінен үлкен баланың қолын ұстауға, бірақ ешбір жағдайда жолды жүгірмей өту керек; • жолды тек белгіленген жерлерде бағдаршамның жасыл сигналына өту; • жолдан өткен кезде кішкентай баланы қолынан ұстап өту керек; • баланы көшеден топ болып өту кезінде, "табын" сезіміне берілмеуге үйрету керек.

Балалардағы күйіктердің болмауының профилактикасы.

• Егер де кішкентай бала үстел басында Сіздің тізеңізде отырса, онда Сіз ыстық сусындарды, бірінші тағамдарды тұтынбаңыз. • Жуынатын бөлмеде баланы ең алдымен, кранды суық сумен, содан кейін ғана – ыстық сумен ашуға үйрету керек. • Электр шайнекті пайдалану - жоғары қауіп төндіреді! Егер Сіз электр шәйнектерге баланың қолы жетпейтініне сенімді болсаңыз да, оның сымының орналасуын тексеріңіз – нәресте оны тартып, шәйнекті өзіне аударып алуы мүмкін. • Балаңызға ас үйде ойнауға болмайтындығын үйретіңіз - бұл тамақ дайындауға және жеуге арналған бөлме. Баланы ешқашан ас үйде бақылаусыз қалдырмаңыз! • Қыздыру беті бар барлық заттар (үтіктер, бұйралағыш үтіктер, кез-келген түрдегі жылытқыштар және т.б.) нәресте үшін қол жетпейтін жерлерде болуы керек. Сіз әрдайым тұрмыстық электр құрылғыларының дұрыс жұмыс жасайтындығын бақылауыңыз керек. Жылытқыштарды балалардың ұйықтайтын орындарының жанына қоймаңыз! • Қол жетімді розеткаларды арнайы құрылғылармен жабыңыз, сонда Сіздің балаңыз оларға ештеңе сала алмайды. Құрылғылардың электр сымдары баланың қолы жетпейтін жерде болуы керек – нәресте сымды аузына алып, оны жеуге тырысуы мүмкін!
We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree