Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Салауатты қалалар - салауатты тұрғындар үшін

Алматы қаласының ШЖҚ «№6 Қалалық емханасы» МКК қызметкерлері 2018 жылдың 23 шілдесінде Алматы қаласының Әуезов ауданындағы «Сары арқа» базарында «Салауатты қалалар – салауатты тұрғындар үшін» атты кең ауқымды акциясын өткізгені туралы есеп.

Алматы қаласының ШЖҚ «№6 Қалалық емханасы» МКК қызметкерлері 2018 жылдың 23 шілдесінде Алматы қаласының Әуезов ауданындағы «Сары арқа» базарында «Салауатты қалалар – салауатты тұрғындар үшін» атты кең ауқымды акциясын өткізгені туралы есеп.

Қазақстан Республикасының «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасы бойынша, 2018 жылдың 23 шілдесінде Алматы қаласының ШЖҚ «№6 Қалалық емханасы» МКК қызметкерлері Алматы қ. ҚО «ЖИТС» қызметкерлерімен, ШЖҚ МКК «Ауданаралық туберкулезге қарсы диспансері» және Алматы қаласының онкологиялық диспансерінің қызметкерлерімен бірлесіп, Әуезов ауданындағы «Сары арқа» базарында «Салауатты қалалар – салауатты тұрғындар үшін» атты ауқымды акциясын өткізді.


Акция шеңберінде «Сары арқа» базарының жұмысшыларына және қонақтарына келесі медициналық қызметтер ұйымдастырылды және көрсетілді:

  • Аспаптық зерттеулер: антропометрия, дене салмағының және бой өлшемінің индексін анықтау; көздің қысымын анықтау; ФГ – тексеру.
  • Зертханалық зерттеулер: қандағы холестеринді және қант деңгейін анықтау. АИТВ -жұқпасын, тері мен венерологиялық ауруларды анықтайтын жедел сынақтар өткізілді.
  • Әр түрлі профильді мамандармен кеңес ұйымдастырылды (ЖПД, онколог, психолог, СӨС, ҚО «ЖИТС», Алматы қаласының «Тері-венерологиялық диспансер»).
  • «АҚОСӨС» ЖШС мамандарымен бірлесіп салауатты өмір салты бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ақпараттық мәліметтер бар буклеттер таратылды.
  • Халықты Тіркеу Регистрі арқылы тіркеу және мобильдік қосымшаны құру мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қамтылған адамдар саны - 451 адам

We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree