Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Хабарландыру!

Құрметті Алматы қаласының Әуезов ауданының тұрғындары және Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының ШЖҚ "№6 Қалалық емхана" ҚМК (бұдан әрі "№6 Қалалық емхана») тіркелген тұрғындар!

"№6 Қалалық емхана» Әкімшілігі хабарлайды, 2020 жылы 01 маусым айынан бастап емхана ғимаратына күрделі жөндеуге байланысты жөндеу жұмыстары басталды, осыған байланысты емхананың кейбір құрылымдық бөлімшелер Әуезов ауданының басқа медициналық ұйымдарында қайта құрылды:

  • Жалпы дәрігерлік тәжиребе №1, №2, №3 бөлімшелері - «№16 Қалалық емханада» қабылдау жүргізеді, мекен-жайы: 12 мкр., 19-үй, 1-қабат, корпус №2, кестеге сәйкес жұмыс атқарады.
  • Аймақтық гинекологиялық қызметінің бөлімшесі – «Қалалық перзентхана №5», мекен-жайы: Жубанов көш, 11 үй. Бөлімшеге кіру - ғимараттың үзінді босанатын бөлімінен шығу жақтан, 1 қабат, кестеге сәйкес жұмыс атқарады.
  • Педиатрия бөлімшесі мен күндізгі стационар - Балалар қалалық клиникалық ауруханасында – Клинико—диагностикалық бөлімі, 3-қабат, мекен-жайы: № 2 шағын ауданы, Алтынсарин даңғылы, 54, жұмыс кестесіне сәйкес атқарады.
  • Тар бейінді мамандардың қабылдауы, амбулаториялық хирургия бөлімшесі, алдын алу және психо-әлеуметтік көмек бұрынғы мекен-жайы бойынша қабылдайды: №4 ш.а., 3А үй, жұмыс кестесіне сәйкес атқарады.

Сондай-ақ, монтаждау жұмыстарына байланысты келесі телефон нөмірлері 08.06.2020 жылдан бастап жұмыс атқармайды: 276-04-04; 277-26-84; 275-94-90; ал Call-центр – 390-66-75, дәрігерді үйге шақыру (балалар) – 226-90-57, дәрігерді үйге шақыру ( үлкен адамдар) – 26-09-09, тіркеу бөлімі - 277-27-47 телефон нөмірлері - өз жұмысын жалғастырады.

Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың сапасын жақсарту бойынша бас дәрігерінің орынбасары Серикбаев Марат Асылбековичке хабарласуды сұраймыз, 47 кабинет, 8-708-972-57-23, Altel, Tele2 нөмірлер бойынша, қалалық стационарлық телефондар бойынша хабарласу тегін, Whatsapp - бар. Хабарласқан кезде, Сізге жылдам көмек көрсету үшін - өтініштің мәнін, аты-жөніңізді, мекен-жайыңызды толық жазыңыз. Емхананың құрылымдық бөлімшелерінің дислакацияға байланысты – Сіздерден түсінікшіліпен қарауға өтінеміз. Сіздерге медициналық көмек толық көлемінде көрсетіледі.

Ізгі ниетпен, "№6 Қалалық емхана» Әкімшілігі.

We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree