Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Азаматтық қорғау, еңбек қорғау және қауіпсіздік маманы емхананың конференц-залында ашық семинар өткізді.

Administrator-GP6 22 Февраль 2024
21. 02. 2024 ж. ШЖҚ «№6 Қалалық емхана» КМК азаматтық қорғау, еңбек қорғау және қауіпсіздік маманы Жамантаева С.Т. – емхананың конференц-залында ашық семинар өткізді. Саминардың тақырыптары: «Жер сілкінісі кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелері», «Кіріспе инструктаж», «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық», «Терроризм». Бұл семинарда келесі мақсаттар қарастырылды: ШЖҚ «№6 Қалалық емхана» КМК қызметкерлерінің осы сұрақтар бойынша кең білімдерін дамыту, жер сілкінісі кезендегі өзін-өзі ұстау ережелерін, терроризм кезіндегі ұстау ережелерін терең білу, қызметкерлердің жауапкершілікті көзқарасын қалыптастыру, қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсізідік ережелерін күнделікті жұмыста қатан ұстануға.

12.02.2024 ж. "№6 қалалық емхана" ШЖҚ КМК - да Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Республикасынан шығарудың 35 жылдығына арналған Ашық есік күні өткізілді.

Administrator-GP6 20 Февраль 2024
12.02.2024 ж. "№6 қалалық емхана" ШЖҚ КМК - да Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Республикасынан шығарудың 35 жылдығына арналған Ашық есік күні өткізілді. Емханаға Ауған соғысының ардагерлері шақырылды. Барлық пациенттер қан қысымын өлшеп, қандағы глюкоза мен холестеринді, жалпы қан анализін, коагулограмманы, биохимияны анықтау үшін сынақтар алды. ЭКГ, ультрадыбыстық зерттеулер, жүрек аускультациясы, ЭХОкг, флюорография жүргізілді. Науқастарға геронтолог, жалпы тәжірибелік дәрігер, кардиолог, невропатолог, эндокринолог, офтальмолог, лор, хирург, психолог кеңес берді. Науқастарға салауатты өмір салтын ұстану бойынша ұсыныстар берілді.
We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree