Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Еркектің денсаулығы

  • Уролог дәрігердің кеңесі,
  • диагностика және емдеу
  • жыныстық жолмен берілетін, жұқпаларды емедеу.

Соңғы кезге дейін, менопауза тек әйелдерге тән ауру деп саналған. Бұл пікір тұрақты түрде тұрмыстық деңгейден ғылыми дәрежеге дейін басты болды. Қазіргі кезде медиктер ерлердің жылдар өте келе жыныстық жүйесінің төмендеп, ерлерде әйелдердің менопаузасына ұқсас жағдайға түседі.

Бұрын ерлердің өміріндегі бұл кезеңді «ерлер климаксы» (термин алғаш рет 1939 қолданды) немесе «ерлердің менопаузасы» (1985 жылы ұсынылды) деп атады. 2000 жылдың басында ӘДҰ бастамасымен «Еркектер, қартаю және денсаулық» атты құрал басылып шықты, онда тестостерон жетіспеушілігімен жалғасатын және онымен байланысты клиникалық жағдайларды анықтау үшін «андропауза» термині қолданды. Кейін бұл термин сәтсіз деп саналды, өйткені репродуктивті қызметі жойылатын, әйелдерге қарағанда, ерлердің репродуктивті та, гормоналды қызметі де өмір бойы сақталады. Соңғы жылдарда бұл кезең «кеш гипогонадизм» деген атауға ие болды.

Гипогонадизм – бұл тестостеронның тапшылығы немесе әрекетінің бұзылуымен анықталатын, патологиялық жағдай. Қартайғанда тестостерон деңгейі ақырындап төмендейді. Ал созылмалы қосымша аурудың (жүректің ишемиялық ауруы, артериалдық гипертензиясы, қант аруы) бар болуында ағзадағы тестостерон деңгейі сол жастағы дені сау адамдардың денсаулығымен салыстырғанда 10-15% төмендейді.

Дәрігерлер ерлердің қартаюдің кейбір ерекшеліктері әйелдердің менопауза кезінде байқалатын сипаттамаларға ұқсас: ашушандық, жүрек жанында жағымсыз сезімдер, жүректің қатты соғуы, дағдарысты күйлер анғарылады. Осындай өмірлік кезеңде сүйек терінің өзгерістері пайда болады, бұлшық ет салмағы төмендейді, остепороз дамиды. Одан басқа, эректилді бұзылуы, либидо төмендеуі пайда болады.

Өкінішке орай, қазіргі кезде ерекетердің көбі шектеулі жасқа жетпей жатып, еркектердің мәселелеріне (әлсіз эрективті қызметі, жиі зәр шығару қажеттілігі) көңіл аударады. Бұның себептері өте көп: нашар экология, ерте басталатын жыныстық қатынастар, жыныстық жолмен таралатын ауруларды қоздыратын, көп жыныстық серіктестерінің бар болуы. Сондықтан денсаулығыңыздың нашарлаудың бірінші сипаттарында дәрігерге баруды ұмытпаңыз.

Әдетте уақыт бәрін өзіне бағындырады, ерте ме, кеш пе, көптеген еркектер жоғарыда аталған мәселелермен кездеседі. Бірақ кеш гипогонадизмнің жағдайын оңайлатуға болады, және өзін 100% еркек ретінде ұзақ уақыт сезінуге болады. Ол үшін белсенді өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанып, ішімдіктерді қабылдамай, темекіні тастау қажет.

Критикалық жас ретінде 45-55 жас аралығы алынады. Осы уақытта сүйікті жарлары өзінің ерінің тағамына көбірек жасыл шөптен, балдыркөкті, салат жапырақтарын қосу қажет, өйткені олардың ішіндегі заттар жұмалақтар қызметіне жағымды әсер етіп, тестостерон бөлінуіне ықпал етеді. Қажет болғанда, дәрігермен кеңесе отырып, ерлерге мырышпен, селенмен, темірмен және В, Е қатарлы дәрумендермен байытылған, арнайы полидәруменді кешендер тағайындалу мүмкін. Псиоэмоционалды жағдайын алғанда, жағымсыз сыртқы тітіркендіргіштерге қатты көңіл аудармауды ұсынылады. Сізге шынымен де қанағаттандыратын сезімдер тудыратын: сүйікті жұмыс, қызықты хобби, белсенді демалыс сияқты заттармен айналысу қажет.

Ең бастысы есіңізде сақтаңыз, жағымды көңіл-күй, мықты отбасы, өз денсаулығына деген күтім – психологиялық және физикалық жақсы денсаулықтың кепілі.

We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree