Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Саламатты жүрекке апарар жол

  • кардиолог дәрігердің кеңесі,
  • жүрек-тамыр ауруларын анықтау және емдеу: жүректің ишемиялық ауруы, артериалды гипертензия, нейроциркуляторлық дистония, атеросклероз, миокардиодистрофия.
  • Жүрек-тамыр аурулардын алдын алу

Жүректің жұмысын қалпына келтіру
Жүректің жұмысын қалпына келтіру бағдарламасы жүрек аурулары бар науқастарға көмек ретінде, олар тездетіп сауығуы және толыққанды және өнімді өмірге оралуы үшін арнайы құрылады. Жүректің жұмысын қалпына келтіру бойынша бағдарламасы өзіне физикалық жаттығуды, білім алу бағдарламасын, медициналық ұсыныстар, науқастарға күтім жасау және саламатты өмірге оралудың жаңа жолдарын іздестіруді қосады. Қазіргі кезде хирургиялық және терапиялық емдеудің мүмкіндігі жүрек жұмысын қалпына келтіру бойынша бағдарламамен біріктіргенде науқастарға саламатты өмірге оралуына мүмкіндік береді.

Жүрек жұмысын қалпына келтіру бойынша бағдарламасы келесі жағдайларда ғана сізге қажет бола алады:

  • Егер сізде жүрек аурулары болса, стенокардия немесе жүрек жетіспеушілігі;
  • Егер сізде созылмалы жүрек аурулары болса;
  • Егер сізге аорта-коронарлық шунтирлеу немесе туылғанынан немесе жүре болған жүрек кеселі мәселелері бойынша жүрек қан жолы тетігіне оталары жасалған болса;
  • Егер сізге стентирлеуді немесе басқа да жүрекке жасалатын амалдарды жасаған болса.

Сонымен қатар сіз жүрек жұмысын қалпына келтіру бойынша бағдарламасын жүрек-тамыр ауруларының даму тәуекелі жоғары болғанда қолдануыңыз болады.

Жүрек жұмысын қалпына келтіру бойынша бағдарламасы – бұл науқастарға:

  • эмоционалдық және физикалық жағынан өзін жақсы сезінуге;
  • мықтығырақ болуға;
  • дағдарысты төмендету тәсілдерін білуге;
  • сіздің қалпыңызға үйренуге;
  • сіздің денсаулығыңызға сенімділік арту және бұрынғы өмірге қайта оралуға;
  • болашақ жүрек ауру тәуекелін төмендетуге;
  • өмірдің қызығын көруге қауіпсіз және тиімді тәсілі болып табылады.

Жүрек ауруы бар әрбір адам жүрек жұмысын қалпына келтіру бойынша бағдарламаны пайдалану мүмкін, бұл бағдарламаны қолдануға тым кәрі немесе тым жас адамдар жоқ. Әйелдер бұл бағдарламаны еркектермен қатар пайдалануы мүмкін. Егер сізде жүрек аурулары бар болса, ескі әдетті өзгерту мен жаңа әдеттерді иелену біраз уақыт алады. Сондықтан отбасының, достарының, сонымен қатар денсаулық сақтау қызметкерлердің қолдауы өте маңызды. Осы ақпаратпен басқа науқастармен және таныстарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз.

Жүрек жұмысын қалпына келтіру маған қалай көмектесу мүмкін?
Жүрек жұмысын қалпына келтіру бағдарламасы екі үлкен бөліктен құралады:
физикалық жаттығулар сізге белсенді болуға, бұлшық еттеріңізді күшейтуге, шыдамдылығыңызды жақсартуға көмектеседі. Физикалық қызмет жеке қабілеттеріңіз, қажеттіліктеріңіз және мүдделеріңізге негізделеді.

Білім алу мен ұсыныстар сіздің қазіргі жағдайыңызды түсініп, оған ыңғайландыруға және болашақ жүрек мәселелердің тәуекелдерін төмендету үшін көмектеседі. Жүрек жұмысын қалпына келтіру бағдарламасы өзіңізге сенімді қалпына келтіруге және өз реакцияларыңызды және үрейіңізді қадағалауға көмектеседі, болашақ қызметінізде мақсаттарды қоя білуді көмектеседі.

Жүрегіңіздің қалай физикалық жүктемеге қалай әрекет ететіні және бейімделу тексерісі жүрек жұмысын қалпына келтірудегі маңызды бір бөлігі болып табылады. Сіз өзіңіздің қалпыңызды бағалауды немесе жүрек қағысын, артериалдық қысымыңызды анықтауды үйренесіз.

Жүрек жұмысын қалпына келтірудің мақсаты әрбір науқас үшін әр түрлі. Бар патологияға, сонымен қатар өзіңіздің қажеттіктеріңізге негізделген, алдыңызға өз мақсаттарыңызды қоя білуді көмектесу маңызды.

Денсаулығыңызды қалпына келтіру бойынша қызу жұмыс қаншалықты қиын болатынына қарамастан, жүрек жұмысын қалпына келтіру Сізге өмірдегі көптеген басымдылықтарды береді.

Жүрек жұмысын қалпына келтіру бағдарламсы сіздің белгілерін төмендетуге көмектеседі. Ол көптеген басқа да басымдылқтарға ие:

  • физикалық жаттығулар сіздің бұлшық еттеріңізді күшейтеді және энергетикалық, руһани тепетеңдікті жақсартады, бұл сіздің жүрегіңізге және ағзаңызға мықты болуға және жұмыс істеуге көмектеседі;
  • жүректі қалпына келтіру сізді жұмысқа және белсенді өмір салтына тез оралуыңызға мүмкіндік береді;
  • салауатты ем-дәм қандағы холетеринді төмендетеді, салмақты қадағалауға мүмкіндік береді, артериалды қысымның көтерілуін болдырмауға көмектеседі, сонымен қатар басқа да мәселелерді, сонымен қатар диабетті де қадағалауға мүмкіндік береді;
  • сіз өзіңізді жақсырақ сезінуге және қуаттырақ болуға жетелейді;
  • жүрек жұмысын қалпына келтіру бағдарламасы сізге темекіні тастауға мүмкіндік береді;
  • жүрек жұмысын қалпына келтіру психологиялық және эмоционалды жағынан сізге көмектеседі.
We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree