Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Инсульт залалдарын жеңейік

  • жүйке жүйесі аурулар дәрігерлерінің кеңесі,
  • жүйке жүйесі бұзылған науқастарды қалпына келтіру емдеудің тиімді курсы,
  • Жүйке жүйесі ауруларын алдын алу.

Инсульт - "ми соққысы", мидің қауіпті ауруы, оның барысы ерекше: инсулттік науқастардың жартысынан көбі мүгедек болып қалады, көбісі басқалардың көмегіне зәру болады, және тек 20% жуығы ғана жұмысқа қайта орала алады!

Инсульт дегеніміз не?
Инсульт – тәуліктен кем емес уақыт созылатын ми қан айналымының өткір бұзылуы.

Инсультқа дейінгі белгілері:

  • Кез келген көру қабілетінің бұзылуы
  • сөйлеу қабілетінің бұзылуы
  • сезімталдық (беттің бір бөлігінің сілеюі және т.б.)
  • жүрістің өзгеруі, тұрақсыздық
  • буындардағы әлсіздік
  • белсенді қимылдарда шектелу
  • бас айналуы
  • бас ауырғаны
  • жадының бұзылуы

Егер сіз немесе Сіздің жақындарыңыз жоғарыда аталғанның кез келгімен ауырса, немесе сізді немесе Сіздің жақындарыңызды жоғарыда көрсетілгендер мазаласа (кейде, бір қатар уақыт, ұзақ емес), шұғыл невролог дәрігерге, кешенді қаралудан өту мақсатында бару қажет.

Инсультті емдеу және оны алдын алу.

  • Инсульттің салдарларын емдеуді №6 Қалалық емханада жоғары мамандырылған, ең бастысы, жанын салатын, көпбағытты бригаданы құрайтын, дәрігерлер жүргізеді, инсультті, инсультке апаратын аурулардың алдын алу және емдеудің кешенді тиімді бағдарламасын, инсульттың даму тәуекелін анықтайды.
  • Бұл сізге қатысты емес деп ойлайсыз ба?
  • Бүгінгі күнде миокард инфаркттан кейін өмірдің қысқаруы 9 жылға тең, инсульттан кейін - 12 жыл. Инсульт барлығымызға ортақ! 55 жастан үлкен адамдар арасында әрбір бесінші әйел және әрбір алтыншы еркек инсульт ауруына шалдыққан болатын. Инсультпен тікелей қақтығысудан қаша алмайсыз – бұл қауіп адамның өзін немесе оның жақындарын жаулап алуы мүмкін.
  • Бұндай мәселелер сізге қатысты емес деп ойламаңыз – оны шешуге іс әрекеттерді жасаңыз!
We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree