Размер шрифта: A A A
Цветовая схема: A A A
Call Center: 8 (727) 390-66-75

Единый городской телемедицинский Call-центр Алматы - 8 (727) 30-05-05;      Единый номер для сотовых операторов - 1312.

Диспансеризациялау

Диспансеризациялау және алдын алу қараулары арулардың даму қаупі факторларын және арулуардың өзін алғашқы сатыда анықтау мақсатында жүргізіледі.

Диспансеризациялау мақсаты – аурулардың алдын алуы, созылмалы ауруларды (қант диабетін, жүреу-тамыр патологиясын, туберкулез, онкологиялық аурулар және көптеген басқа) ерте анықтау болып табылады.

Диспансеризациялау аурулардың алғашқы даму сатыларында анықтауға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде сәтті емдеудің кепілі бола алады. Аурулардың дамуын алдын алу ретіндегі диспансеризациялау.

Заманауи адам жетістікке, белгілі бір дәрежеге және тәуелсіздікке жетуге бағытталады. Осындай арпалыста ол өз денсаулығына қарауға уақыт таба алмайды. Нәтижесінде ол дәрігерге ауру шұғыл шараларды қабылдау қажет болғанда ғана барады.

Заманауи медицина көптеген ауруларды сәтті емдей алатын деңгейге жетті. Ауруды емдеуден, алдын алу жеңіл екенін әр қашан есте сақтаған жөн. Ауруларға тосқауылды ерте қойған дұрыс. Еш қандай ауырсыну болмағанымен, денсаулықты міндетті тексеру қажет. Көптеген аурулар алғашқы сатыларында симптомсыз өтеді. Алдын алу аурулармен күресідің бірден бір жетістікке апарар жол.

Алдын алу скринигті қараулар өмірдік ұзақтығы мен сапасына әсер ететін, ауруларды: гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қан аурулары, қант диабеті, онкологиялық аурулар, сүт безінің обыры, жатыр мойны қатерлі ісігі және т.б. уақытында анықтауға мүмкіндік береді.

Мысалы, уақытылы гипертонияны анықтау және оны әрі қарай емдеу миокард инфаркті және инсульттан, кәрілік ес ауысудан , ал жеке жағдайларда – жүрек жетіспеушілігі мен мерзімнен ерте қайтыс болудан сақтайды. Онкологиялық ауруларды уақытында анықтауы толық емделіп шығуына мүмкіндік береді. Егер дәрігер Сізде қандай да бір аурудың бар болуын болжалдаса, диагнозды нақтылау мақсатында Сізді қосымша тексерілуге зерттеу-диагностикалық, рентгендиагностикалық, қызметтік диагностика, ультрадыбыстық зерттеу әдістеріне, эндоскопиялық бөлімдеріне немесе кәсіби маман дәрігердің кеңесіне жолдауы мүмкін. Асқынған жағдайда (аурудың декомпенсациялануы), шұғыл және өмірге төндіретін жағдайларда науқас стационарлық емделуге жолданады.

Алғашқы медико-санитарлық көмекті алу үшін тіркелу орны бойынша медициналық ұйымда диспансеризациялаудан өтуіңізге болады. Сіздің денсаулығыныздың жағдайын анықтау мақсатында жасыңызға қарай аурулардың жасырын түрлерін, болашақта ауруларды тудырушы факторларды анықтауға мүмкіндік беретін қаралулар кешені ұсынылады. Қаралулар арасында жалпыға танымал жалпы қан, нәсіп талдаулары, ЭКГ және флюорография ұсынылуы мүмкін, және сонымен қатар қанның биохимиялық талдаулары, ультрадыбыстық талдау, жасырын қанға нәжісті талдаулар, алғашқы сатыдағы қатерлі ісіктерді анықтау (еркектердегі ПСА қан алу, әйелдердегі онкоцитологияға жақпа мен маммография) жүргізіледі. Жанұялық дәрігер немесе терапевт дәрігермен жазылған көрсетілімдер бойынша сізге қосымша қаралулар ұсынылу мүмкін.

Диспансеризациялаудан тұрақты өту Сізге өмірге қауіпті аурулар (асқынуларын) даму мүмкіндігін төмендетуге, емдеуі әлі тиімді сатысында анықтауға мүмкіндік береді.

Өз денсаулығына күтім жасаған кез келген адам қажетті тексерілуден өтіп, зертханалық талдауларын өз қаражатын жұмсамай істеуіне болады. Диспансеризациялау ТЕГІН жүргізіледі!

Диспансеризациялаудан өту үшін, жанұялық дәрігер немесе учаскелік терапевт дәрігерге бару қажет!

Құрметпен, емхана ұжымы!

We use cookies to improve our website. Cookies used for the essential operation of this site have already been set. For more information visit our Cookie policy. I accept cookies from this site.Agree